БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 67
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Шетелдік психологиялық ғылымда тұлғаның өзін-өзі маңыздануының
мәні мен механизмін түсінуге мүмкіндік беретін көптеген идеялар мен
теориялар жасалған. Тұлғаның өзін-өзі маңыздануын
түсіндірудің
әдіснамалық негізі-бұл процесті қалыптастырушы пәндік қызмет тұрғысынан
қарауға мүмкіндік беретін іс-әрекет тәсілі болып табылады. Өзін-өзі
маңызданудың синонимдік ұғымының мәнін түсіндіру іс-әрекет тәсілінің
негізгі қағидаттарының сипаттамасы арқылы беріледі: интериоризация-
қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру механизмі ретінде қарастырылатын
экстериоризация және ішкі ұғыну арқылы сыртқы тәжірибені бөлуді
білдіретін
детерминизм
ұғымы.
Сыртқы
әлеуметтік
қызметті
интериоризациялау негізінде тұлғаның ішкі құрылымын өзгерту жүреді. Шет
елдік ғылымда жеке тұлғаның өзін-өзі маңыздануының
жалпы
тұжырымдамасы – жеке тұлғаны зерттеумен және жеке өзін-өзі дамыту
идеясының құрылымдық-генетикалық тәсілімен байланысты, ол бастапқыда
Л.С. Выготский, Б.Г. Ананева, А.Н. Леонтьев, Б.Д. Парыгина, К.К. Платонов,
С.Л. Рубинштейн, Б.Д. Теплова, В.А. Адова және т.б еңбектерінде көрініс
тапты.
Қазіргі замандағы көптеген ғалымдардың зерттеулерінде "өзін-өзі
маңызданудың" синонимдіқ ұғымдарыда көрсетілген.
-
"өзін-өзі бекіту" - адамның өзін-өзі жүзеге асыруға, өзіндік "мен"
тұлға қоғам тарапынан мойындалған жағдайда өзін объективті әлемде жүзеге
асыруға ұмтылысы ретінде қарастырады;
-
"өзін-өзі көрсету" - субъектінің өзін-өзі жүзеге асыруға бағытталған
белсенділігі ретінде айқындалады, бірақ бұл ретте өзін-өзі жүзеге асыруға
қажеттілік тиісті қабілеттілікпен бекітілмеген;
-
"өзін-өзі ашу" - деп басқа адамдарға өзі туралы жеке ақпаратты
ұсыну, адамның айналасындағыларға белгілі бір әсер ету үшін әртүрлі
стратегиялар мен мінез-құлық тактикасын қолдануы түсініледі;
-
"өзін – өзі жетілдіру" - адамның одан әрі жоғары деңгейде өзін-өзі
жүзеге асыру мақсатында өзін-өзі дамытуға және өзінің ішкі күшін байытуға
ұмтылуы, Мұндай өзін-өзі дамыту өзіндік мақсат ретінде болғанда, адам
өзіне бағытталған ерекше қызметпен немесе "өзіндік әрекетпен" айналысады.
М.А. Недашковская мәдениеттанулық тәсіл негізінде өзін-өзі маңыздану
механизмдерін зерттей отырып, өзіндік іске асыру құрылымын сипаттауға
жеке функциялардың ерекше кешенін бөледі, олар проективтілік пен
рефлексивтіліктің өзара байланысты сапасын қанағаттандыруы тиіс.
Проективтілікке мақсаттылық, мақсатқа жету құралдарын іздеу, түзету кіреді.
Рефлексивтілік сыртқы (объективті шындықтың динамикалық көрінісі) және
ішкі рефлексияға (өзін-өзі тереңдету) қатысты жүйелерді
қамтиды.
Проективтілік пен рефлексивтілік бірлігі когнитивтік білім (өзіндік сана,
өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау), басқару сипатындағы факторлар (өзін-өзі
бағалау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі реттеу) және әлеуметтік маңызы бар
тұлғаның саналы қалыптасуының интегративті процестері (өзін-өзі
белсендіру, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту) кіретін функционалдық
кешен болып табылады. Өзін-өзі жүзеге асырудың жеке механизмдері бір
мезгілде адамның күштерінің орналасуын және іске асуының бірыңғай
процесстерін өзара байланыстыратын және дамытатын оның қажетті
шарттары мен құрылымдық элементтері ретінде әрекет етеді [7].
66