БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 66

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Сондықтан ол өзінің психосинтез тұжырымдамасы аясында «өзін-өзі маңыздану-бұл тұлғаның дамуының бірінші кезеңі»- деп көрсетті. Бұл кезеңде жеке тұлғаның айналасына индивидтің ықпалдасуы жүзеге асырылады. Жеке адам өзін жақсы түсіне бастайды, артық психологиялық қорғанудан құтылады. Осыдан кейін ғана екінші кезең – тұлғалық "эго" және жоғары өзін-өзі синтездеуді жүзеге асыру мүмкін болады. Бірінші кезең (немесе өзін - өзі маңыздану) Р.Ассаджиолидің психосинтез тұжырымдамасында "тұлғалық психосинтез", ал одан кейінгі кезең - "рухани психосинтез" деп аталады. Автор адамның рухани психосинтезге бірінші сатысыз – жеке тұлғалық өсу үшін қажетті өзін-өзі маңызданусыз (жеке психосинтездің) жете алмайтынын атап көрсетті. Шын мәнінде, Р. Ассаджиоли түсіндірмесінде өзін-өзі маңыздану тек қана бір саты болып табылады, оған жеткенде адамның шынайы рухани дамуы басталады. Бұл ұстаным гуманистік психологияның өкілі А. Маслоудың тұжырымдамасымен ұқсас [6]. Тұлғаның өзін-өзі маңыздануы мәселесі бойынша шетелдік зерттеушілердің жұмыстарын талдай отырып, келесі қорытындылар жасауға болады: - өзін-өзі маңыздану- тек психологиялық сау адамдарға тән; - өзін-өзі маңыздану-бұл туа біткен, бастапқыда адамға ғана тән өзін- өзі дамыту үрдісі; - өзін-өзі маңыздану-өз әлеуетін толыққанды жүзеге асыруға ұмтылатын кемелденген тұлғаның негізін қалаушы қасиеті; - тұлғаның өзін-өзі маңыздану көрсеткіштері оның дамуының барлық толыққандылығы мен байлығын, қалыптасқан әлеуеті, жеке тұлғаның дербестігі, жеке және кәсіби өзін-өзі анықтау қабілеті және т. б. сияқты қасиеттерді дамытуды көрсетеді. "Өзіндік талдау" кітабында Карен Хорни өзін-өзі маңыздану ұғымы туралы былай жазады: "әрбір тұлға өзін-өзі жүзеге асыруға және өзін-өзі белсендіруге ұмтылады: әрқайсымызда жеке тұлғаның дамуына, күшті және тұтас адам болуға ұмтылысымыз бар, әрқайсымызда қабілет пен дарындылық, әдетте олар невротикалық үрдістермен тежелген". Өзін-өзі маңыздануды қарастыра отырып, Е. В. Андриенко оның психологиялық алғышарттарын қалыптастырудың үш қажетті кезеңін бөліп көрсетеді. Олар:ақпараттық, өзектендіруші және модельдеуші. Ақпараттық кезеңде жеке тұлғаның өзін-өзі маңыздануы жолындағы психологиялық алғышарттары, мүмкіндіктері және кедергілері туралы білімдер жүйесі қалыптасады. Өзектендіруші кезеңде тұлға жеке тәжірибе мен іс-әрекетте кәсіптік қызметте өзінің жеке қабілеттерін іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін құзыреттілік жүйесін қалыптастырады. Модельдеуші кезең шығармашылық кәсіби өзін-өзі анықтау негізінде іс- әрекеттің жаңа тәсілдерін тәжірибеде меңгерумен және бекітумен байланысты. Е.Е. Вахромовтың "Адам дамуының психологиялық концепциялары: өзін- өзі маңыздану теориясы" атты жұмысында "өзін-өзі маңыздану" термині адамда өзін-өзі жүйелі түрде мақсатты жұмыс істеу арқылы, өз дамуын "өзектендіруді" (ашу, жүзеге асыру) қажет ететін өзіндік белгісінің (адам әлеуетінің) болуын көздейді. Өзін-өзі маңыздану процесінің нәтижесі қоғамдық маңызы бар қызметте өзінің адами әлеуетін барынша ашқан және пайдаланатын, өзін-өзі белсендірген тұлға болып табылады. 65