БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 65
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
А.Маслоудың көзқарасы бойынша, өзін-өзі маңыздану – бұл тұлғаның
қазіргі жағдайынан да жоғары деңгейде дамуына деген қалауы, өзінің
мүмкіндіктерін жүзеге асыру барысында өзін-өзі жетілдіруге деген
қажеттілігі. Оның ойынша, бұл жол қиын, ол белгісіздік және жауапкершілік
қорқыныштарын басынан өткерумен байланысты, бірақ ол ішкі толыққанды
өмірге бастайтын жол болып саналады. Өзін-өзі маңыздану деңгейіне жеткен
адам депрессия мен пессимизмге, өзімшілдікке және басқада жағымсыз
қасиеттерге бейім емес деп санады. "Мотивация және тұлға" кітабында
А.Маслоу өзін-өзі маңыздануды адамның өзін-өзі тану, оған салынған
потенциалдарды өзектендіруге, сәйкестендіруге ұмтылу ретінде айқындайды:
"бұл термин "адамның толыққанды дамуын" (биологиялық табиғатқа сүйене
отырып) білдіреді. Ол тарихи-еркін, жергілікті құндылық модельдеріне емес,
адамның биологиялық алдын-ала анықталуына сәйкес келеді. Сондай-ақ
оның эмпирикалық мазмұны мен практикалық маңызы бар»-деп көрсеткен.
А.Маслоу "Адам психикасының алыс шектері" атты өз жұмысында
тұлғаның өзін-өзі маңыздану сипаттамасын тұжырымдады:
1) шындықты толық қабылдау және оған жайлы көзқарас;
2) басқаларды және өзін қабылдау;
3) сүйікті ісіне кәсіби қызығушылығы, міндетке, іске бағдарлану;
4) автономдық, әлеуметтік ортадан тәуелсіз болу, пайымдаудың дербестігі;
5) басқа адамдарды түсіну қабілеті, адамдарға көңіл бөлу, оларға
тілектестік таныту;
6) тұрақты жаңалығы, бағалаудың нақтылығы, тәжірибеге ашықтық;
7) мақсат пен оның құралдарын, зұлымдық пен жақсылықты ажырату;
8) өзбеттілік, табиғи мінез-құлық;
9) философиялық жоспар;
10) өзін-өзі дамыту, қабілеттерін, потенциалды мүмкіндіктерін көрсету,
11) жаңа мәселелерді шешуге, мәселелер мен қиындықтарды ұғынуға, өз
тәжірибесін түсінуге, өз мүмкіндіктерін түсінуге дайын болу [4].
Адам тұлғасының даму мәселелерімен айналысқан К.Роджерс үшін өзін-
өзі маңыздану ағзаның жетілу бағытында жылжу үрдісін білдіреді.
Өзін-өзі маңыздану - адамның әртүрлі деңгейде дамуына мәжбүрлейтін
күштің болуы. Ол адам табиғатының негізгі аспектісі болады деп есептеді, ол
адамның өзін-өзі үйлесімділікке және шынайы өзін-өзі жұмыс істеуге
бағыттауына көмектеседі. Ол мұндай мінез-құлық адамдарға ғана емес,
жалпы барлық тіршілікке тән екенін айтады. К. Роджерс өзін көрсету және
ағзаның қабілетін жүзеге асыруға ұмтылу адамның өзін-өзі күшейтетінін атап
көрсетті К. Роджерс өзінің өзін-өзі маңыздану тұжырымына діни және рухани
аспектілерді қоспады, әрбір адамда құзыретті болуға ішкі ұмтылыс бар және
ол үшін мүмкіндігінше биологиялық жағынан қабілетті болу деп көрсетті [5].
Өзін-өзі маңыздану мәселелеріне қатысты гуманистік психологияның
тағы бір жарқын өкілі – Р.Ассаджоли. Р.Ассаджиоли өзін-өзі маңыздану деп –
оны өзін-өзі жүзеге асырудың бір түрі ретінде қарай отырып, адамның
жасырын мүмкіндіктерін жандандыруды, танытуды және өзін-өзі жүзеге
асыруы деп түсіндірді, Ол өзін – өзі жетілдіруге, күйзеліске және өзін
синтездеуші орталық ретінде сезінуге бағытталған басқа түрін де
ерекшелейді.
Адам ұлғасының дамуы туралы өз пікірінде Р.Ассаджиоли адамның
шынайы рухани дамуына нұсқау жасай отырып, К.Роджерстен алда болды.
64