БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 51
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
шапшаңдыққа негізделеді, сонымен қатар, алдында өтілген жаттығу түрінен
қайталау ескеріліп, тапсырмалар бағаланады [23].
Қорытынды. Жоғарыда аталған сабақтардың типтік түрі мұғалімнің сабақ
өткізуде өзіне сай, мақсаттың орындалуына сәйкес таңдау жасауға мүмкіндік
береді. Дене тәрбиесі сабағының барлық жағдайларын қарастыра отырып,
мектептегі дене тәрбиесі сабағы білім алушылардың басқа сабақтармен қатар
жүруі және олардың күн тәртібі мен сабақ кестелеріне сәйкес болуы керек.
Осыған байланысты, мектептегі дене тәрбиесі сабағы келесі талаптар қояды:
Сабақтың өтілу барысына қатысты [24]:
1. Әрбір сабақ сауықтыру, тәрбие және білім беру мақсатында арнайы
жасалған жоспар бойынша жүзеге асуы қажет. Сабақ міндеттерін қоюда сабаққа,
тақырыпқа арналған уақыт, материалдық-техникалық жабдықтау, білім
алушылардың дене қимылы даярлығы ескерілуі керек. Тапсырмалар нақты,
ықшамды және күтілер нәтижесі түсінікті етіп жасалғаны дұрыс. Себебі, бұл
мұғалім мен білім алушылардың мақсаттарына жетуіне, сабақтың жүзеге асуына
әсер етеді. Жаттығулар мен тапсырмаларды таңдауда оқытушы білім
алушылардың физиологиялық мүмкіндіктерін, көңіл-күйлері мен сол
жаттығуларға қажеттіліктерін түсіне білуі керек. Мысалы, төменгі сынып білім
алушыларына констатация түрінде (түзу бойымен жүгіруге үйрену), орта буын
білім алушыларына арнайы терминдерді қолдану (қысқа қашықтыққа жүгіру
техникасымен танысу), жоғары сыныптарда танымдылық белсенділікке шақыру.
Бір сабақта жаңа материалға немесе бұрынғы өтілгенге байланысты, 2-3 түрлі
тапсырма орындалуы керек.
2. Оқу материалы оқу бағдарламасына және қойылған мақсаттарға, сонымен
қатар, сабақ ұзақтылығына және білім алушылар санына сәйкес жасалуы қажет.
Бағдарламадан тыс материалдар жеке сабақ өткізуге немесе қосымша түрде
міндетті емес ретте ұсынылуы тиіс [25, 4-6 б.].
3. Әрбір сабақ толық, әрі логикалық тұрғыдан қорытындыланған, игеріліп
жатқан тақырыпқа сай, сонымен қатар жүктеменің көлемі мен жиілігіне сай,
жалпы оқу бағдарламасына сәйкес өтуі керек.
4. Білім беру тәсілдері қойылған мақсатқа әсерлі тиімді орындалуы қажет.
Мысалы, егер теориялық материал төменгі сыныпқа арналып және тек түсінуге,
есте сақтауға бағытталып келсе, оқу ақпараттары факторларын сипаттау,
ұғымдарға түсініктеме беру, ақпараттық хабарлама беру, мазмұндаудың
репродуктивті тәсілдерін қолдану секілді, жүйемен өтеді. Ал, егер тапсырмалар
шығармашылық тұрғыда болса, түсіндіру, ойға түрткі болу секілді тәсілдер
қолданылады.
5. Сабақ барысында білім алушыларға әсер ету үшін оқу элементтерін
барынша құрамдастыру керек. Мысалы, дене жаттығуларының көлемі тек білім
беру мақсатында ғана емес, сондай-ақ, адамдық қасиеттерге, зияткерлік іс-
әрекетке, танымдық қызығушылыққа, буырқанды сезімдік кеңістікке де әсер етуі
тиіс. Сонымен қатар, топтық жұмыстар кезінде, әр білім алушыға жеке де көңіл
бөлінген жөн (мысалы, жаттығу орындауда).
6. Білім алушылардың алдағы жаттығуларға дайындығын іске асыру. Ол
жаттығулар арасындағы үзілістерде алдағы жаттығуларды ойластыру,
жолдастарының іс-әрекетіне көңіл аудару арқылы жаттығуларға үйрену, өз
араларында көмекке даярлықтарын дамыту. Осы арқылы оқытушы уақытты
рационалды қолдана білуі және тәртіптің сақталуына әсер ете алуы керек.
50