БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 50
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
3. Спорттық бағыттағы сабақтар белгілі бір спорт түрінен білім беру арқылы
білім алушыны жарыстан биік жетістіктерге жеткізу мақсатын алға қояды;
4. Емдік-сауықтыру бағытындағы сабақтар денсаулық жағдайына байланысты,
арнайы топтарға өткізіліп, медициналық ауруларына сай сауықтыру, арнайы
жаттығулар жүргізу үшін қолданылады [20].
Аталған әрбір топ өз ішінде ерекшеліктеріне сай тағы кішігірім топтарға
бөлінеді.
Мысалы, жалпы сипаттамасына сай гимнастикалық, ойын, жеңіл атлетикалық
сабақтар ажыратылуы мүмкін. Сондай-ақ, құрамына ойын, жеңіл атлетикалық,
гимнастикалық элементтерді біріктірген кешенді сабақтар да болады. Сонымен қатар,
акробатикаға, гимнастикаға, белсенді ойындарға, соның ішінде, спорттық ойын
жаттығуларына негізделген арнайыландырылған сабақтар болады; қосымша жүгіруге
арналған жаттықтырушылық-даярлық жаттығу сабақтары. Әскери мамандыққа
байланыстырылған арнайы сабақтар да бар. Олардың да алға қойған мақсат-міндеттері
болады [21].
Бағытталуы мен сауықтыру, білім беру мақсатына қатысты, дене тәрбиесі
сабақтары келесі 4 топқа жіктеледі:
1. Әмбебаптанған кешендік сабақ жалпы білім беру жүйесінде қолданылады.
2. Адамгершілікке баулу және эстетикалық тәрбие беруге бағытталған тәрбие
сабақтары.
3. Сауықтыруға негізделген сабақтар екі нұсқада жүреді: біріншісі – ағза
жүйелерін дамыту, екіншісі – еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіру мақсатында.
Бірақ екі нұсқа да сауықтыру мақсатын берік ұстанады.
4. Білім беруге бағытталған сабақтар сауықтыру, тәрбие, білім негізінде
дидактикалық мақсаттарға сүйене отырып, өз ішінде 5 түрге бөлінеді:
- оқу жылының басында берілетін кіріспе сабақтар негізінен білім
алушылардың сабаққа даярлығын жүзеге асыру мақсатында, сабақтың мақсаттары
мен міндеттерін түсіндіру, нормативтік талаптармен таныстыру секілді,
жұмыстарды іске асырады. Сарамандық жұмыстар, әңгіме, сұхбаттасу арқылы
жүреді [22, 23-46 б.];
- жаңа материалдарды игеру сабағында білім алушылар жаңа жаттығу
түрлерімен танысады, қозғалыс жаттығуларын түсіндіру және көрсету арқылы
жүзеге асырылатын, бұл сабақта білім алушылардың аса үлкен назар аударуы
керек, себебі, бұл сабақта жаңа мәліметтер көптеп беріледі;
- жетілдіру, бұрын өткен жаттығулар дамытылып, жаттығулар мен
тапсырмаларды орындаудың жиілігі артады. Бұл сабақтарда кіріспе бөлім көп
уақыт алмайды, қорытынды бөлімде қалпына келтіру және тынығу
жаттығуларының уақыты арта түседі. Сабақ топтық, сондай-ақ жеке өткізіледі.
Жаттығуларды орындау барысында шығармашылық тапсырмалар көбейіп, білім
алушылардың танымдық дамуы өсе түседі;
- бақылау сабақтарында оқытушы білім алушылардың игерген жаттығуларын
қаншалықты түсінгені мен дұрыс орындай алатындығына ерекше назар аударып,
бір бөлім немесе тақырып бойынша тапсырмалар орындатады. Осыдан кейін,
жаттығуларды орындау бойынша баға беріледі. Ал баға критерийлері алдын-ала
таныстырылып өтілуі тиіс;
- аралас сабақ кезінде басқа сабақ элементінің жиынтығы қолданылады.
Сабақтың кіріспе бөлімінен басқа сергіту жаттығулары қосымша өткізіліп, келесі
тапсырманың орындалуына алғышарт болып табылады. Сабақ жылдамдыққа,
49