БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 49

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. кезінде жөндейді. Әрі десе, артында тұрған жоғары сынып білім алушылары қателіктерін жөндеп тұрады [15]. Тәрбиеші мұғалімдер өздеріне бекітілген сыныптарға толық жауап беретіндіктен, сабақтан тыс қандай да іс-шара болмасын, бүкіл сынып, мектеп бойы толық қатыстырыла береді. Одан басқа, олардың өздеріне байланысты күн тәртіптері бар. Спорттық үйірмелер әдеттегідей жұмыс істейді. Білім берудегі барлық құралдар, тәсілдер мен міндеттер біріге келе, білім алушыларға тәрбие беру мен олардың тұлға ретінде қалыптасуына оңтайлы жағдай жасайды. Барлық тәсілдердің жүйелілігі іс-әрекетті тиімді етеді. Сабақтың құрамы өзара байланысқан, бірақ, 3 бөліктен тұратын өзіндік [16, 48-93 б.] ерекшеліктері бар: 1. Оқу құралы. Ол белгілі ретпен, тәртіппен құрылған барлық дене жаттығуларын қамтиды, дене тәрбиесі пәнінің құрылымын анықтап береді; 2. Педагогтың ұйымдастырушылық, басқару және қадағалау қызметі. Бұл білім алушыларға жаттығулар, тапсырмалар беру, оның орындалу ретін, тәртібін үйрету, қауіпсіздік ережелерін айқындау, түсіндіру, қауіпсіздікке жауап беру, сабақтың өту барысын түсіндіру, спорт құралдарын пайдалануды, оны қолданысқа дайындауды жүргізу; үй тапсырмаларын тексеру, бағалау, сабаққа қорытынды жасау мен тәрбие беру, үлгі бола білу; 3. Білім алушылардың танымдық іс-әрекеті. Білім алушылардың дидактикалық материалдарды игеруі, өзін-өзі бақылау, жаттығулар мен тапсырмаларды орындау, өз жұмысын бағалай білу, педагог сілтемелерін орындай алу, тапсырмалар мен мәселелерді шеше алу қабілеті. Жалпы, сабақтың қалай өтуі сабаққа қатысушы оқушыға тікелей қатысты [17, 16-51 б.]. Сабақтың құрылымы – сабақтың барлық элементтерінің дидактикалық бекітілген ретпен және уақытқа сай жиынтығы. Ол барлық элементтердің функционалды жағын айқындап, тапсырмаларды және мәселелерді шешуде оңтайлы әсер етеді. Сабақ құрылымының ең негізгі өлшем бірліктері – педагог пен білім алушының қатысуы мен іс-әрекеті болып табылады. Ол ішкі және сыртқы көрініс береді. Сыртқы көріністер визуалдық тұрғыдан қарастырылады: көрнекілік құралдарды пайдалану, дидактикалық материалдар қолдану, мәліметтер беру, педагогтың ауызша түсіндіруі және әр түрлі ақпараттар таратуы [18]. Қазіргі кездегі дене тәрбиесінің ерекшелігі – дидактикалық материалдар білім алушылар жасына, сыныбына сай жасалып, үлгерімдері ескеріледі. Сабақтың игерілуі мен тапсырмалар білім алушылар жасы, физиологиялық, психологиялық дайындығы жағдайына сай жүргізілуі керек. Сабақтардың жіктелуі. Дене тәрбиесі сабақтары негізінен белгілі бір қағидаға сай немесе тәртіп бойынша арнайы түрлерге бөлінбейді. Себебі сабақтар әр түрде өтуі мүмкін. Дене тәрбиесі сабақтары өзінің көп түрлілігі мен бір-біріне байланыстылығына орай, түрлі иерархиялық тұрғыдан жіктеледі. Ол дене тәрбиесінің бағыттылығына сай бөлінген [19]. 1. Дене тәрбиесінің жалпы сабақтары білім алушылардың дене қимылының дамуы мен қалыптасуына оң әсер ету мақсатында жүргізіледі, қарапайым жаттығулар өткізіледі. Спортқа бейімделмеген мектептерде өткізіліп, гигиена мен табиғи күшке ғана бағытталады; 2. Кәсіби бағытталған сабақтар болашақта мамандануы мен айналысатын іс- әрекетке сай даярлық жүргізу мақсатында өткізіледі; 48