БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 48

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Сабақтың қорытынды бөлімінде ағзаның қызмет белсенділігін бағыттай отырып, біртіндеп кемітуді қамтамасыз еткен жөн. Үйге берілетін тапсырмаларға барынша көңіл бөлген абзал. Үйге берілетін тапсырманы жете бағаламау – шұғылданудың сабақтық және сабақтық емес байланыстығын бұзады. Сабақтың бұл бөліміне уақыттың 5% шамасы берілген. Бұл бөлімде ағзаның дене қимылы жаттығуларынан кейін қалпына келтірілуі қарастырылады: а) дене бұлшық еттерінің тынығуына, ағзаның қалыпты жағдайға оралуына арналған жаттығулар жасау; ә) буырқанды сезімдік жағдайды реттеу, осыған байланысты назар аударту ойындарын жүргізу; б) білім алушы мен педагогтың сабақты бағалауы, сабақты қорытындылау; в) үй тапсырмасын беру. Мектеп жасындағы кезеңдер шамамен үш топқа: бастауыш, орта және жоғары сыныптар болып бөлінеді. Бастауыш кезеңі 1-4 сыныптарды қамтыса, орта кезең – 5-9 сыныптарды қамтиды. Жоғары сыныптарға – 10-11, келешекте – 12 сыныптар жатады. Мектеп өзінің ерекшеліктеріне қарай 10-11,12 сыныптан бастап, жергілікті бюджеттің қаржылай мүмкіндіктері болған жағдайларында – 5-6 сыныптардан бастап ұлдар мен қыздар бөлек оқыту әдістемесі қолданыла бастайды. Ондай жағдайларда бір сыныпта екі және одан да көп мұғалімдер сабақ беретін болады [12]. Жалпы білім беретін ауыл мектептерінің ішінде жартысынан астамы кіші кешенді болып келеді. Оған себеп: сыныптарды қосу арқасында әр сыныпқа берілген тапсырма әртүрлі болғандықтан және ауылды жерде барлық талапқа сай спортзалдары, спорт алаңдары болмағандықтан, бағдарламаға сәйкес оқу материалын өту біршама қиындырақ болады. Әсіресе, бастауыш сыныптарда бір мұғалім бірнеше сыныптарға қатарынан өте беруі көзге үйреншікті болып қалған. Әсіресе, ол мұғалімдердің арнаулы спорттық білімдері болмаса, дене тәрбиесінің: мысалы, оңға немесе солға бұрылу, тік тұру, сап түзеу т.б. секілді алғашқы әліппелері ескерусіз қалады. Сондай-ақ, дене шынықтыру сабақтарында, мұғалім сабақ өту үдерісінде төменгі сынып білім алушыларының жалпы дене қимылы жаттығуларын жоғары сынып білім алушыларына істете салады [13]. Сондықтан да, мектептерде ұялы әдістемелік үйірмелер жұмыс істеулері керек. Осындай жиналыстарда дене шынықтыру мұғалімі өзінің әріптестеріне ақыл- кеңестерін айтып, сабақты қалай жемісті өткізулеріне өз үлестерін қосады. Сонымен қатар, оқу-тәрбие, мектептен тыс, сыныптан тыс өтілетін іс-шараларды өткізу әдістерін де ортаға салады. Осындай жерлерде ең ауызға толтырып тұрып айтуға тұрарлығы – ауа-райының жылы кездерінде сабақтың далада, таза ауада өтілетіндігінде, өз кезегінде, бұның денсаулыққа өте пайдалы екендігі белгілі. Бірақ, кейбір жаттығуларды, әсіресе, құрал-жабдықтарды қолдана отырып, тақыр жерде орындалатын жаттығуларды орындау, үйрету, сұрау, тексеру – белгілі бір қиыншылықтарды туғызады [14]. Сабақ беру әдісі туралы, оның арнайы ерекшелігін, дене шынықтыру сабақтарын өткізудің ұйымдастыру жолдарын айтқан жөн. Мұнда табиғи жер жағдайын ескере отырып, таза ауада сабақты өткізу жолдарын қарастыру қажет. Әртүрлі сыныптардың оқу материалын сабақта сондай жолмен өткізу керек, егерде жоғары сынып білім алушылары төменгі сынып білім алушыларына көмек көрсетіп отырса. Одан кейінгі ерекшелік – сапқа тұру кезінде бірінші сынып білім алушылары мұғалімге ең жақын тұрады. Себебі, жалпы дене қимылы дайындығы жаттығуларын орындау кезінде жіберілген қателіктерді көз алдында тұрып, дер 47