БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 47

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Зерттеу әдістері. Балаларды тәрбиелеудің әр саласы өздігінше бір көзделген бағытты ұстайды, бірақ бәрі қосылып келгенде толыққанды дене тәрбиесінің міндеттерін атқарады [7]. Әрқайсысының өз бетінше қойылған әдіс-тәсілдері, міндеттері бар. Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру салалары: - әр сыныпта міндетті, Үкімет қаулысы мен жергілікті органдардың шешіміне сәйкес – аптасына 3 рет өтілетін дене шынықтыру сабақтары – сыныптық- сабақтық түрлері ретінде; - оқу күні тәртібіндегі дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары: сабаққа дейінгі гимнастика, бір мезеттік дене шынықтыру жаттығулары, дене мәдениетілік үзілістер, ұзартылған үзілістегі дене шынықтыру жаттығулары; - ұзартылған күндік топтарындағы дене қимылы жаттығуларымен күнделікті айналысу; - 1-4 сыныптар үшін дене шынықтыру үйірмелеріндегі сабақтарды қоса, сыныптан тыс жұмыстар. Жалпы дене қимылын дамытатын жаттығулар және Елбасы сынамаларындағы, спорт түрлері үйірмелеріндегі спорттық жарыстар, жалпы ойындар, туристік слеттер мен саяхаттар [8]. Аталмыш зерттеу әдістері мектептен тыс мекемелердегі дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлерімен толықтырылады: - балалар және жасөспірімдер спорттық мектебі, Оқушылар үйіндегі ерікті дене шынықтыру-спорттық қоғамдарда, спорттық үйірмелерде, тұрғылықты жері бойынша, әртүрлі типтегі демалыс шатыржайларындағы жүйелі спорттық жарыстар мен оқу-жаттықтырушылық сабақтар; - бұқаралық жаппай дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары: таңертеңгілік гимнастика, күнделікті суға шомылулар, тұрғылықты жері бойынша ойындар т.б. Зерттеу нәтижелері. Сабақтың дайындық бөлімінде жекеленген міндеттер шешілді – сапқа тұруға үйрету, дұрыс мүсінді қалыптастыру, бұйрықты мінсіз орындауға үйрету т.б. Басты міндет – сабақтың алда тұрған негізгі бөліміне ағзаны қызметтік жағынан даярлау [9]. Оған сабақтың 10-20% бөлінген. Негізгі бөлімді орындауға жағдай жасайды, келесі құрамнан тұрады: а) қатысушыларды ұйымдастыру (білім алушыларды сапқа тұрғызу, орында топтық жаттығулар, т.б.); ә) сабақ мақсатымен таныстыру; б) білім алушыларды ойындар арқылы сабаққа буырқанды сезімдік және психологиялық дайындау; в) сергіту жаттығулары, ағзаны келесі күрделірек жаттығуларға дайындау (аса қиындық туғызбайтын жаттығулар жасау, шамалы жүгіріс, спорттық жүріс, т.б.); г) негізгі бөлімде жасалатын жаттығуларға дайындық. Сабақтың негізгі бөліміне барынша күрделі міндеттерді шешу жүктелген. Соның барысында оқудың кезеңдері ескеріліп, міндеттерді қоюдың төмендегі тәртібі сақталады: таныстыру, үйрету, жетілдіру [10]. Сабақтың бұл бөліміне жалпы уақыттың 75-85% бөлінген. Сабақтың мақсаты мен жоспарына байланысты жаттығулар мен тапсырмалар: а) ағзаның мүмкіндіктерін пайдаланып, тірек-қимыл жүйесінің жаттығуларын орындау; ә) жаттығулар техникасын игеру арқылы дененің қимыл-қозғалысына үйрену; б) арнайы білімді қалыптастыру; в) негізгі және арнайы қозғалыс қимылдарын дамыту; д) зияткерлік қасиеттерге және адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың бұл бөлімі бағдарлама материалымен белгіленеді [11]. 46