БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 46

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. міндеттерін шеше білу керек. Сабақ міндеттерін анықтай отырып, сабаққа берілген уақытты жөнді жұмсай алу, тақырыпта қойылған міндеттер мен талаптарды орындауға, оқу кезеңіне, білім алушылардың тәрбиелік, білімділік, дене қимылы дайындығының, материалдық-техникалық жабдығына баса назар аудару, қойылған талап-міндеттер нақты, жас ерекшеліктері мен жыныстарына байланысты болуы, талаптарды орындағаннан кейін оның нәтижесін талдай білуі қажет [2, 14 б.]. 2. Оқу материалының көлемі – оқу бағдарламасына, қойылған мақсат- міндеттердің түріне, оның көлеміне, бір текті болуына сәйкес болғаны жөн. Бағдарламадан тыс материал қосымша ретінде, міндетті емес, жекелей ретінде жетілдіре беруге арналған, оны бағдарламаға қосу міндетті емес. Мұғалім дарынды балалармен осылай бағдарламадан тыс жұмыс істей беруіне болады. 3. Әр сабақ өзінің бағыттамасына қарай педагогикалық міндеттермен, оқу материалының мазмұнымен, көлеміне, алдыңғы, кейінгі сабақтардың жүктеме көлемімен байланысты [3]. 4. Қолданылып отырған оқу мен тәрбие әдістері сабақ міндеттерімен сәйкес болуына баса назар аударған абзал. 5. Білім алушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін барлық элементтердің мазмұнының өзара байланыстылығының сабақ үдерісінде қамтамасыз етіп беру. 6. Сабақ барысы бойынша кезекті күш түсіруге дайындық және уақыт тығыздығын үйлесімді пайдалануын қамтамасыз ету. Ол үшін жаттығуларды орындау алдындағы үзіліс кезінде бос тұрмас үшін, әртүрлі іс-қимылдарды қайталайтын келесі жаттығуларды орындауға дайындалып тұру [4]. 7. Әр сабақ сайын білім алушылардың іс-қимылын бақылау. Ол үшін істелінген жаттығуларды талдау жасап, бағалау, көңіл-күйді аулау. 8. Өз бетінше қойылған іс-қимыл жаттығуларды, білімділік қимылдарды игере алмайтын білім алушыларға қажетті әдістемелік көмек көрсету. Кейбір білім алушылар жаттығуды қамтамасыз етуге құлқы немесе шамасы жоқ, өздігінше істей алмайды. Сондай білім алушыларға ақыл-ойлық, білімділік іс-әрекеттер мен жаттығулар кешенін үйрету. 9. Белгіленген ережелерге байланысты білім алушының тәртібінің тура болуы, оның оқу тапсырмасын орындауы – ол үшін уақытылы хабарлап, ескертіп тұруын қамтамасыз ету. 10. Сабақ міндеттеріне, дайындық деңгейіне, оларды орындау шарттарына байланысты үй тапсырмасын орындау жүйесін дайындау [5]. Зерттеу мақсаттары. Білім алушылардың дене сапасын арттыру үшін, олардың білімділік, іс-қимыл белсенділігін көтеру, оған әртүрлі әдістер қолдана білу керек. Оған сабақ барысындағы тапсырмаларды орындау үшін, ондағы сабақтың мақсат-міндеттерін нақтылау, қою, ізденіс, табу жатады. Барлық ұйымдастыру-әдістемелік түрі сабақ өткізудің екі топқа өткізеді. Бірінші топқа – фронтальдік, топтық, жекеше түрлері жатады. Екінші топқа білім алушылардың жаттығуларды бір-бірлеп орындауы – айналма, кезекшілік, ауыспалы болып бөлінеді [6, 25-68 б.]. Білім алушылардың дене тәрбиесінің әртүрлі міндеттерін ойдағыдай орындау үшін, мектеп ұжымы мен ата-аналардың, мектептен тыс мекемелердің қызметкерлерімен бірге жұмыс істегендері абзал. Осындай ұйымдастырудың барлық түрлерінің әсерінен кейін ғана, дене тәрбиесі жұмыстары балалар арасында кең етек жаяды, мүмкіндігінше педагогикалық әсер қалдырады. 45