БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 45
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
ӘОЖ 796/799.378
Сейсенбеков Е.К. – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
E-mail: [email protected]
Тастанов Ә.Ж. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Қазақ спорт және туризм академиясы
E-mail: [email protected]
Әшімханов Ғ.Р. – аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
Телахынов Е.Б. – оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫ – ОҚЫТУДЫҢ
НЕГІЗГІ ТҮРІ РЕТІНДЕ
Аңдатпа. Педагогикалық тапсырмалар кешенін толыққанды орындау
мақсатында сабаққа жақсы дайындалу – кез келген мұғалім-оқытушылар
құрамы үшін ең негізгі де, жауапты міндет. Оны 2 кезеңге бөле отырып,
мақсат-міндеттеріне сипаттама берген жөн: 1-ші кезең мақсатының мазмұны
мен сабақ құрылымы – тоқсандық жоспардағы оқу-тәрбие, сауықтыру
міндеттерін қою, оқу тапсырмасы жүйесінің және жаттығулардың уақытын
анықтау, әдіс таңдау. 2-ші кезеңге – сабаққа керекті құрал-жабдықтарды
дайындау, өтетін орны мен жаттығуларды пысықтау, дайындау кіреді. Мұғалім
өзінің дайындығына: арнайы әдістемелік әдебиеттерді жинақтау, пысықтау,
сабақ жоспарын жазып, дайындау, өзінің іс-қимыл, сөйлеу дағдыларын тексеріп
алу, үсті-басының сырт көрінісіне мән беру секілді жайттарға баса назар
аударуы қажет.
Білім алушылардың дайындығына басты міндеттермен алдын-ала танысу,
сабақтың ерекшеліктерін, бағыттамасын түсіну, сабақта керекті құрал-
жабдықтармен танысып, дайындау жатса, сабақты ұйымдастыруды
қамтамасыз ету үшін: санитарлық-гигиеналық жағдай туғызу, сабақтың
материалдық-техникалық қамтамасыздығы, білім алушыларды алаңда
орналастыру, оқу ісінің ұйымдастыру-әдістемелік түрлері, мұғалімге көмекші
білім алушыларды түзеу, ұйымдастыру жұмыстарын орындау кіреді. Бұл жерде
мұғалім сабақта ауру, дене жаттығуларын толық істеуге жарамайтын, бірақ,
сабаққа қатысатын, өзіне көмектесуші білім алушылар қатарынан көмекшілерді
құрап алуы тиіс.
Тірек сөздер: білім беру мекемелері, дене шынықтыру сабақтары, сабақ
құрылымы, әдістері, сауықтыру, білім беру, тәрбиелік міндеттері.
Кіріспе. Дене тәрбиесінің сабақтары туралы жалпы ережелерге бағына отырып,
мектептегі дене шынықтыру сабағы оқу күн тәртібіндегі және жалпы білім
беретін мектептердегі аталмыш сабақтардың орны мен педагогикалық
міндеттерін шешуге, оқу бағдарламасының мазмұнына, білім алушылардың жас
ерекшеліктеріне, мүмкіндіктеріне байланысты [1]. Бұның барлығы мектептегі
сабақ беру әдістемесінің бірқатар талаптарын орындауға арналған. Сабаққа
қойылатын талаптар төмендегідей:
1. Әр сабақтың тақырыптық жоспарлаудағы орнын тиімді қолдана отырып,
алдын-ала жоспарланып отырған сауықтыру, білім беру және тәрбиелік
44