БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 452
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Облыс аудандарындағы элементтердің (ауыр элементтердің) топырақ пен
өсімдіктерде таралуы бойынша экологиялық карта жасау және де алынған
талдау негіздерін ауылшаруашылықта тиімді қолдану мақсатында, Мақтарал
аймағындағы элементтердің (ауыр элементтердің) топырақ пен өсімдіктерде
таралуын зертетеп, олардың көкөніс және жемістерге өтуі бойынша алынған
талдау қорытындыларын және олардың ғылыми негіздемесі келтірілді [1, 52 б.].
Жетісай қаласы - Мақтарал ауданының орталығы. Түркістан облысының
онтүстік-батыс беткейінде орналасқан, Сырдария жағалауында орналасқан.
Мырзашөлде Достық канал құрлысының жүргізілуіне және мақта , көкөніс
шаруашылығын дамытуға байланысты 1939 жылы іргесі қаланды. 1951 жылы
кент, 1969 жылы қалаға айналды.
Жетісай қаласының өзінде мақта тазалау, сыра, нан зауытттары, май
өндіру цехтары, көкөніс өнімдерін өңдейтін т. б. кәсіпорындар жұмыс істейді.
Мақтаралдың топырағының түсі құрамына байланысты сұрғылт-сары болып
келеді. Топырақ құрамына байланысты өте құнарлы топырақтар қатарына
жатады. Құнарлылығының себебі климаттын да керемет ыңғайлы болуында,
кун энергиясының мөлшері көп [2, 111-114 б.].
Мақтарал ауданында көптеген уақыттар бойы мақта мен көкөністер
өсіріліп келген, бірақ соңғы жылдары егістіктер егу өте көптеп жолға
койылуда. Егістіктер ретінде қауын, қарбыз, орамжапырақ
жәнеде
әңгелектер, қызанақтар мен қиярлар егіледі т. б.
Бұл мақалада зерттеудің алдына қойып отырған бірінші мәселе - Мақтарал
ауданы бойынша топырақтағы ауыр элементтердың қоршаған ортадағы
жалпы және белсенді мөлшерін анықтау. Екінші мәселе, табиғи объектілердің
ластану деңгейін болжау мақсатында ластаушы заттардың таралуына себеп
болатын жағдайларды анықтау. Үшінші кезекте, ластанудың келеңсіз
әсерлеріне жол бермеу мақсатында ауыр элементтерды ғылыми негізделген
түрде залалсыздандыру және нормалау [3].
Осы айтылған мәселелерді негізге ала отырып, аталған ғылыми-зерттеу
жұмыстарының негізі «Мақтарал ауданы бойынша топырақтағы ауыр
элементтер мен микроэлементтердің көкөніс және жемістерге шоғырлануын
зерттеу» мақала тақырыптың негізі болды. Бұл мәселені шешу ушін сапалық
және сандық анализдер бойынша ИБАСЗ (ИРЛИП)- Инженерлік бейіндегі
аймақтық сынақ зертханасы базасын қолдану мүмкіндіктерін пайдаланып,
алынған ғылыми негіздерді талдап, алға қойған мақсаттарды орындауға
мүмкіндік берді. Осы мақсатқа жету жолында негізгі мәселе ретінде келесі
міндеттер қойылды:
1. Мақтарал ауданындағы топырақ құрамындағы ауыр элементтер мен
микроэлементтердің мөлшерін анықтау.
2. Жемістер мен көкөністердегі ауыр элементтердың концентрациясын
анықтау.
3. Өсімдік тамырлары мен топырақтағы элементтердің миграциялық
қасиеттерін зерттеу.
Өсімдіктің жер бетіндегі бөлігіндегі, олардың тамырларындағы және
топырақтағы ауыр элементтердің жинақталу мөлшері салыстырмалы түрде
зертелді. Зерттеуге алынған топырақ, өсімдік сабақтары және олардың
тамырлары физика химиялық талдауға арнайы талаптарға сәйкес
дайындалып,
Varian 820-MS индуктивті плазмамен байланысқан масс-
спектрометрде талдау жасалды.
Бұл
қондырғыда,
заттар мен
451