БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 451

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Keywords. West Kazakhstan Region, birds, fauna, Bitik Reservoir, Kushum channel, rare species, anthropogenic factors, specially protected natural areas. Благодарность. Авторы благодарят директора ГБУ «Самарский зоопарк» Шепталова Олега Валентиновича и егеря ТО «Строительная инициатива» Бакуменко Сергея Анатольевича за ценные советы и помощь в организации экспедиций, сотрудников Самарского зоопарка Балтушко А.М., Березина Н.А., Маряшина А.А., а также орнитолога Шпигельмана М.И. за помощь в проведении полевых исследований. ______________________________________________________ ӘОЖ 581.5 Утебаев А.А. – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Курганбеков Ж.Н. – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің докторанты Саттар К. – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранты E-mail: jako_1590@bk.ru ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ КӨКӨНІС ЖӘНЕ ЖЕМІСТЕРГЕ ШОҒЫРЛАНУЫН ЗЕРТТЕУ Аңдатпа. Мақалада топырақтағы микроэлементтердің қоршаған орта үшін жалпы және белсенді мөлшерін анықтау, табиғи объектілердің ластану деңгейін болжау мақсатында ластаушы заттардың таралуына қарапайым және айтарлықтай сенімді моделдерін жасау, ластанудың келеңсіз әсерлеріне жол бермеу мақсатында ауыр металдар мен микроэлементтердің артық мөлшерін ғылыми негізделген түрде залалсыздандыру және нормалау. Мақтарал ауданы Жетісай өңірінің аймақтық алқаптарындағы топырақ құрамындағы химиялық элементтердің мөлшерін анықтау, олардың қандай өсімдіктер үшін қолайлы жағдай туғызатын мүмкіндіктерін, әр жерден алынған топырақ үлгілерінің айырмашылығы мен химиялық элементтердің сандық және сапалық мөлшері арқылы жердің құнарлығына баға беру. Тірек сөздер: микроэлементтер, ауыр металдар, биогеохимиялық процестер, микроэлементтердің миграциясы, топырақ құрамы, элементтердің мөлшері, ауылшаруашылық өнімдері . Әлемдік жаһандану үрдісінде қоршаған ортаны тепе-теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялық элементтердің тірі адам ағзасында бірден көбейе түсуі және ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі байқалуда. Тіршілікке маңызы бар химиялық элементтердің барлығы да тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететіні анық. Түркістан облысы аймағындағы кейбір химиялық элементтер қосылыстарының шамадан артық мөлшерде болуы жайлы мағлұматтар ой толғандыратын жағдай. 450