БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 434

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. мұрагерлік қағидаға негізделген билік ағадан ініге қалды. Тек ерекшелігі сол халықтың көңілі кетіп жағымды деп тапса, сол адамға береді. Ханға үміткер өзін жан-жақты көрсетуі шарт. Ел арасындағы келіспеушілік болса әділ төрелігін айтып, жаугершілік болса қолбасшылық жасап, келісім жасаса елдің намысын сақтау қажет. Өйткені, кейін ол хан болғаннан кейін оның тікелей қызметі жоғарыда айтқан мәселелер болатыны анық еді. Ханды таңдап сайлаған соң оны боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ киізге салып көтерген. Ханды қолдайтын билер кілемнің шетінен ұстап ел жиынын аралаған. Елдің бәрі ханды көтерген сайын «хан», «хан» деп дауыстап айтқан [9, 205-213 б.]. Қазіргі замандағы әр түрлі пікір таластар көшпелілер қоғамының мемлекеттілік мәселелері мен саяси дамуының өзгерістерін, көшпенділердің басқару жүйесі мен оны классификациялау қажеттігін көрсетті. Көшпелілер қоғамында биліктің мемлекеттілік сипаты – мемлекетті басқару мен ұйымдастыру ісіндегі тарихи сабақтастықтың символы, қауіпсіздік пен игіліктің нышаны ретінде қабылданғандығын көруге болады. Тақырып өте ауқымдыболғандықтан, көтерілген тақырыпқа қатысты жазылған еңбектерге аз бөлігіне қысқаша тарихнамалық шолу жасап өттік. Көшпелілер өркениеттілігіне қатысты еңбектер XIX ғасырдан бастап жазыла бастағанымен, оның әліде болса анықталмаған тұстарымен, шешілмеген мәселері көп екендігін айта кету қажет. Әдебиеттер: 1. Турсумбаев Н.Ж. Саясаттану: оқулық. – Қостанай, 2016. – 30 б. 2. Сүйіншәлиев Х. VІІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1989. – 378 б. 3. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в древние времена. Т. 1. – Алматы, 1996. – 325 с. 4. Крадин Н.Н Империя Хунну. – М., 2002. – 139 с. 5. Ұлы түрік қағанаты: қытай деректері мен түсініктер. – Шыңжаң: ҚХР шыңжаң жастар-өрендер баспасы. – Алматы, 1996. – 69 б. 6. Жумаганбетов Т.С. «Древнетюрский Каганат» становление иразвитие государственности VI-VIII вв. – Астана, 2007. – 159 с. 7. Қинаятұлы З. Қазақ мемлекеті және Жошы хан. – Астана, 2004. – 114 б. 8. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. – Алматы, 2001. – 59 с. 9. Артықбаев Ж.О. Жеті жарғы-мемлекет және құқық ескерткіштері. – Алматы, 2012. – 205 б. ______________________________________________________ Токсанбаев А.К. ПРОБЛЕМЫ ИЗУЧЕНИЯ ПРАВ ВЛАСТИ В ОБЩЕСТВЕ КОЧЕВНИКОВ В своей статье автор проанализировал труды, касающиеся прав власти вдревнем мире и средневековьев обществе кочевников. В отечественной истории проведен анализ основных принципов, связанных с государственностью кочевников. Определены преемственность и конкретные выводы тридиционной власти в обществе. Ключевые слова: государственность, империя, каган, хан. *** 433