БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Seite 433

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Сонау ғұндар заманы, Түрік қағанаты кезеңдерінен бері келе жатқан мемлекеттік атрибуттар мен басқару институттары Қазақ хандығында сол күйінде, өзгерместен қабылданды деу қателік болар еді. Қазақ қоғамы мемлекеттілік дәстүр сабақтастығын жалғастыра отырып, оны өзінің өмір сүру жағдайына орай дамытты. Қазақ қоғамында билік жүргізу бірнеше деңгейде жүзеге асырылды. Ең жоғары билік жүргізу құқығы Шыңғыс хан ұрпақтарынан тараған тобынан сайланатын ханға тиесілі еді. Хандық биліктің негізгі функцияларына экономикадан тыс қайшылықтарды реттеу, ру-тайпалар арасындағы келіспеушіліктерді шешу, әскери-саяси және сот қызметтері жатты. Қазақтарда хан билігінің басты функциясы – халықты сыртқы шапқыншылықтардан қорғау, ел мен жердің тұтастығын сақтау болды. Шыңғысхан құрған мемлекеттік жүйеден кейін пайда болған Қазақ хандығы тұсында да хан сайлау немесе хандық биліктің құқықтары да көшпелі мемлекеттердің заңдылықтарына ұқсас болды. Бірақ өзіндік ережелерімен жаңа қағидалары болған-ды. Ислам дінінің орнауыменбилікті «тәңірден беріледі» деген ұғымөз күшін жоя бастады. Жаңа билік иесіне қойылатын талаптарға сәйкес Қазақ хандары ата-баба дәстүрі бойынша өзінің тумысымен емес, болмысымен сайланатын болды. Ханның бірден тек мұрагерлік жолмен таққа отырмай, халықтың қалауымен сайлануы әміршіге айрықша міндет жүктейді. Ханның көптің ортасынан көтерілуі оның бұра тартпауына себеп болып, ел-жұртының мүддесін жоғары ұстауына негіз болған. Қазақстан тарихында ХVIІ-ХІХ ғасырлар аралығындағы құқықтық ескерткіштердің ең танымалы - «Жеті жарғы». Бұл заңның дайындалған кезеңіне, қабылдануына қатысты нақты пікір жоқ. Зерттеушілердің бір тобы оны ХVIІ ғасырдың соңына жатқызса, ал екіншілері оның қабылдану кезеңін ХVIІІ ғасырдың алғашқы ширегі деп көрсетеді. ХVIІ ғасырдың екінші жартысындағы саяси ахуал бір орталыққа бағынған мемлекеттің нығаюы үшін нақты іс- әрекеттерді қажет етті. Осы кезеңде ортаазиялық мемлекеттердің басым бөлігі шариғатты қолданып отырған. Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік жағдайы биліктегі бөліністе далалық билеуші әлеуметтік топтардың ықпалының күшеюі, генеалогиялық жақтан билік иелеріне құқықтық барлық артықшылықтарын сақтай отырып, қоғамдағы қатынастарды реттеуге заңды түрдегі іс-қимылға итермеледі. Бұл «Жеті жарғының» қалыптасуының бір себебі, екіншіден, хандықтың сыртқы саясатының барысына осы кезеңде ықпал жасаған ойрат шабуылдарының күшеюі және Жоңғар қонтайшысының мемлекеттегі құқықтық заңдастыру («Цааджин бичик» немесе Дала ережелері) әрекеттеріне қарсы шаралар болды. Үшіншіден, қазақ қоғамындағы сұранысқа сәйкес құқықтық нормалардың ескіргенін жойып, талапқа сай реттеп заңдастыру қажеттігі еді. Ж.О. Атықбаевтың «Жеті жарғы-мемлекет және құқық ескерткіштері» еңбегінде: «Қазақ халқының хандарын ақ киізге көтеру дәстүрі ел болып хан билігін мойындаудың белгісі» деп жазды. Барлық қазаққа ортақ билік иесін «Орданың ханы» деп атаған. Осы тұста Қазақ мемлекеттілігінде «хан» атауының бірнеше сатыда қолданғандығын да ескеруіміз қажет.Себебі, әр жүздің немесебилеуші сұлтандарды «хан» деп марапаттауы болған. Бірақ ақ киізге ел болып көтермегеннен кейін олардың құқығы төмен. Сондықтан ұсақ ұлыс билігіндегі хандарды «келте хан» деп атаған. Қазақ қоғамындағы хандық мұрагерлік моңғолдық билік құқығындағыдай емес түркі дәуіріндегі 432