БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 432
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
мемлекетті нығайту мақсатында көшпенділердің әдеттік-құқықтық
нормаларының жиынтығына сол кезеңдегі монғол қоғамының талаптарына
орай өзгерістер енгізіліп, жетілдіріп З.Қинаятұлы «Қазақ мемлекеті және
Жошы хан» атты еңбегінен түркілердегі биліктің тәңірден берілетін қасиетті
ұстаным екендігі моңғол империясы құрылғаннан кейін де жалғасын
тапқандығын жазды. Зерттеуде моңғол империясының құрылуы Ұлы
Түрікқағанатының жалғасы ретінде қабылданды, осыарқылы моңғолдар өз
билігінің заңдылығын дәлелдеуге ұмтылды. Моңғол империясындағы
жоғарғы билік доктринасы негізінен көнетүрік тұжырымдамасы
негізіндеқұрылды. Біріншіден, «қаған» лауазымы және Көкпен (Тәңірмен)
қасиетті байланысын білдіретінқағандық лауазымның толық формуласы
қалпынакелтірілді. Екіншіден, қағанның мемлекеттегі жәнедүниедегі рөлі,
орны және функциялары жөніндегідүниетанымы түрік империясын
құрушылардыңдүниетанымын
қайталады.
Үшіншіден,
бұл
секілді
идеологиялық дәстүрлер көнетүріктердің салт жоралғыларына ұқсас маңызды
сарай салт-жоралғыларымен толықтырылды. Құрылтайдың шешімінсіз
өзінхан жариялаған адамның өлім жазасына кесілетіндігі және империяның
әскери құрамы да түркілердіңдәстүрі бойынша құрылғандығына баса назар
аударады. Әскери жүйе оң қанат(барун-гар) және сол қанат (узун-гар) болып
екігебөлініп, оларға бағынатын түмендер ондық жүйегенегізделді.
Мемлекеттілік дәстүр сабақтастығы моңғол империясының (әсіресе, Жошы
Ұлысының)
аумақтық-әкімшілік
құрылымынан
және
түркі
тайпаларыөкілдерінің маңызды рөл атқаруынан айқын көрінді. Ең соңында,
тарихи сабақтастық тақ мұрагерлігітәртібінде де сақталды. Шыңғыс хан
туысқандарыныңтаққа
отыру
құқығының
кезектілік
реті
жөніндемонархиялық билікті мұра ретінде иелену көне түркі жүйесіне ұқсас
келді.Мемлекеттілік дәстүр сабақтастығы моңғолдәуірі кезінде қабылданған
«Ұлы
Жасақ»
аттыкөшпелілер
кодексінде
көрініс
тапты.
Ол
көшпеліхалықтардың саяси жүйені қалыптастырудыңсан ғасырлар бойы
тәжірибесін іріктеп, даусыз дәстүрге айналған элементтерін ресми
түрдежинақтап
берді.«Ұлы
Жасақта»
хан,
қағандардың
құрылтайжиналысында мұрагерлік жолмен сайлануы, ерадамның елін
қорғауға әрқашан да дайын тұруысекілді ғұн-түркі заманынан келе жатқан
қағидаттарсол күйінде қабылданғанын атап өтеді [7, 114-118 б.]. Моңғол
империясында және жекелеген ұлыстарда жоғарғы билеуші мен көшпелілер
көсемдері, жоғарғы шенеунік пен жоғарғы әскербасы функциясын, төреші
мен әкім, қор иеленуші, сакралды құқық иесі дәрежелерін меңгерді.
Бұлардың бәрі моңғол империясының билігі мен билеуінің қиын және бір
сарынды емес екендігін көрсетеді.
Т.И. Сұлтановтың ғылыми тұжырымдамасына сәйкес, Шыңғысхан өзін -
тәңірдің мейірімі түскен немесе тәңірі өзі таңдаған хан деп санаған.
Сондықтан ол адамдардың келісіміне және олардың мақұлдауына мұқтаж
еместігін айтқан. Бұл дәстүр Шыңғыстың кейінгі ұрпақтарына жалғасты.
Сонымен қатар,ортағасырлық моңғолдардың жоғары билігі Шыңғысханның
«алтын ұрығының» кез келген өкілінің билік ету құқығына негізделген және
ханзадалар мен жоғары ақсүйектер құрылтайында бекітілгендігін де атап
өтті. Осылайша ұлыс-мемлекеттерде билік мирасқорлығы саяси дәстүрлер
мен нақты жағдайларға байланысты болғандығын көрсетті [8, 59-73 б.].
431