БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 431
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
3) Аса жоғарғы сот жүргізу құқық иесі. Сондықтан ол аса күрделі даулы
мәселелердің шешімін шығарды.
4) Жоғарғы дін қызметіде соған тиесілі болды. Ол діни салт-жоралғыларды
жасау арқылы жоғарғы тылсым күш иегері болды [4, 139-151 б.].
Біз жоғарыда атаған «Тәңір ұлы» атағы кейін Түркі мемлекеттері мен
моңғол мемлекеттерінде дежалғасын тапқанын көреміз. Түркі мемлекетінде
өз билеушісін «тәңір құт» десе, ал моңғол дәуірінде «тэнгэрийн
хууд»(тәңірдің ұлы) деп аталуынан, билік иесі билеушіні көктен берілетін
қасиетті тылсым күш иесі екендігінің кейінгі дәуірлерде де
жалғасқандығының айғағы.
Сондықтан ежелгі түркілік дүниетанымына сәйкес жоғарғы билік иелері
де қасиетті саналған. Ғұндардың Люаньдиәулетінің ұрпақтарына ғана
биліктің «көктен» берілгені сияқты, Түркі қоғамында да Ашина әулетіне
жоғары билік Тәңірден беріледі деген ұғым қалыптасты. Бұған дәлел
Күлтегін бітіктасының бетіндегі мәтінде: «Үсті Көк Тәңірі, асты нығыз Жер
жаратылғанда, екі ара кісі жаратылды, оған атам Бұмын қаған: Естемі қаған
отырды», - деп баяндалды[5, 69 б.]. Алғашқы Түрік қағанатының заңы
қоғамының талаптарына сай азаматтық, қылмыстық, отбасылық істерді
шешіп отырған. Әрине, бұл заң ерте ортағасырлық мемле- кеттік сипатқа тән
болған. Мемлекетті басқарудағы саяси тәсілдер, көшпелі қоғамдық
қатынастар жөніндегі зерттеулерде «көшпелі мемлекет» ұғымын туындатты.
Мұндай саяси билік түркі қоғамындағы құқықтық құрылымды үш бағытқа
бөлді. Азаматтық, қылмыстық, отбасылық, мұрагерлік істер әдеттік-құқықпен
реттелді. Бұл құбылыстан ғұн империясында іспеті Түрік қағанаттарының
билеушілеріде жоғары билікті иелену жолы Тәңірден берілген заңдылық
ретінде түсінгендігін көруге болады. Тағы бір ұқсастық тақ мұрагерінің де
тек Ашина әулетінің ұрпақтарынан сайланғандығында. Түрік қағанатында
қағаннан кейін оның орнына жас жағынан келесі інісіотырған.
Ағайындылардан кейін ғана әулеттегі ең үлкен ағаның үлкен ұлы келген,
яғни түркі қоғамындағы билік иесі Бумын мен Истеми ұрпақтарынан болған.
Түрік қағанатында жоғарғы билеушіні «Эль хан» немес «Ұлы Ягбу» деп
атаған. Ягбудың мұрагерін тегин, ал ірі қолбасшыларды шад деп атаған.
Бұлардың барлығы да ашина тайпасынан сайланған. Т.С. Жұмағанбетовтың
айтуынша: «Ашина әулеті аристократиялық тайпа болып оның қарамағында
он тайпалық одақ болған. Он тайпалық одақты төрт шаруашылық аудандарға
бөліп басқарған. Біз бұдан әр түрлі он тайпалық одақтан біріккен
федерациялық құрылымдағы билік жүргізуді емес, бір орталыққа ұйымдасқан
он тайпалық бірлестікті байқаймыз. Сонымен қатар,түрік қағанатында билікті
қоғамның үш субъектісі жүзеге асырды: қаған, бектер және халық. Қаған
биліктің ең жоғарғы дәрежесіне ие болды, бірақ шексіз билік иегері емес.
Ежелгі түркі билеушілерінің биліктерін шектеп отыратын және оларды
билікке сайлайтын арнайы екі субъект болған. Оның біріншісі халық,
екіншісі бектер [6, 205-213 б.].
Түркі және Моңғол тайпаларының шаруашылық бірегейлігі, әдет-ғұрып,
салт-сана, дәстүрлерінің жақындығы, ежелден көршілес, аралас-құралас өмір
сүруі моңғол билігі дәуірінде де түркі тайпаларының әкімшілік, әскери-
шаруашылық, мәдени салаларда лауазымды орындарға отыруына мүмкіндік
берді. Монғол империясы ХІІІ ғасырдың басында тарих сахнасына көтеріліп,
өзінің саяси ықпалын таратты. Монғол ұлысының құрылуы тұсында
430