БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 430
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
сұрақтың мазмұны өзгерді. Көшпелілер тарихын зерттеушілер арасында
көшпелілерқоғамы күрделі әлеуметтік ұйымдасуын дәлелдей келіп олардағы
билік жүргізудің жоғарғы деңгейде болғандығын анықтайтын жаңа
тұжырымдар енгізілді. Көшпелі қоғамдағы билік мәселесіне баса назар
аударыла бастады. Олардың өзіне тән ұйымдасуы, ішкі реттеушілік
қызметінің құқықтық мәдениетте орын алуы, көшпелі қоғамның күрделі
қатынастарға негізделген әлеуметтік ұйым болғанын көрсетеді. Әлеуметтік
ортаның өзара тығыз байланыстылығы, көшпелілердің өмір сүру кеңістігінде
қоғамның әрмүшесінің қызметі мен жауапкершілігінің шарттары
айқындалады.
Қытай жазба деректеріне сүйенетін болсақ, қаңлы тайпасының ресми
құқық жинағы болған. Бұл құқық жинағының негізгі мазмұны толық белгілі
болмаса да, қаңлы қоғамы осы ереже бойынша қылмыстыларды жазалап,
өрескел ауыр қылмыс жасағандарды өлім жазасына кесіп отырған. Үйсін
қоғамындағы биліктің ағадан ініге өту тәртібі, «әмеңгерлік», мұрагерлік жол
қазақтардың әдеттік-құқықтық нормаларында із қалдырды. Ежелгі Қазақстан
тарихындағы ғұн тайпаларының алатын орны ерекше. Олардың бізге дейін
қытай деректері арқылы саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті туралы
мағлұматымен қатар құқықтық жүйесі туралы мағлұматтар бар. Шицзиде
ғұнның империя ретінде тарих сахнасына көтерген билеушісі Мөде туралы
мәліметтермен қатар бұл елдің заңын баяндап береді. Деректе ғұндардың
жоғары билеушілері және ақсақалдары жаңа жылдың алғашқы айында
шаньюдің ордасына маңызды мәселелерді шешу үшін жиналады. Бесінші
айында көк тәңіріне, жерге, аруақтарға құрбандық шалу үшін жиналады.
Күзде халық және мал санағын өткізеді. Қылмыстық құқығында суық қаруды
себепсіз қолданғандары үшін өлім жазасына кесілді. Ұрлық жасағаны үшін
мүлкін тәркіледі, жеңіл қылмыс түрлері үшін беттерін кесетін болған. Ауыр
қылмыстыларға өлім жазасын қолданды. Сот он күнге дейін созылады.
Мемлекетте тұтқындар өте аз, болса да он шақты. Жоғарғы билік құқығы шаньюге
берілген. Ол таңертең күнге, кешқұрым айға бас иетін болған. Ол үнемі сол жақта,
бетін солтүстікке қаратып өзінің тағында отырады. Шанью мемлекет ішіндегі
барлық құқықтық қатынастарды реттеп отыратын билік иесі болғандығын қытай
деректеріндегі мәліметтер толықтыра түседі [3, 325 б.].
Көшпелі қоғамдағы билік мәселесін зерттеген ғалымдардың бірі
Н.Н. Крадинғұндар империясын сипаттай отырып: «Ғұн қоғамының
билеушісін шанью деп аттады. Шанью атағы ғұндар империясына дейін де,
кейін де билеушінің атағы болған. Бірақ ғұндардың тақ мұрагері болу үшін
Тәңірдің таңдауына ие «қасиетті» хан тұқымы Люаньди тайпасынан
сайланған. Олардың наным сенімдері бойынша Аспан мен жер тақ мұрагерін
таңдайды. Аспан таңдайды жер «өмірге әкеледі» («пораждает») - деп сенген.
Сондықтан «шанью» сөзінің жанама мағынасы «тәңір ұлы» деген ұғыммен
сипатталған. Ғалымдардың зерттеулерінен біз шаньюдің құқықтық
міндеттерін мынандай төрт топқа бөліп қарастырғанын байқаймыз:
1) Шанью – жоғарғы билік иесі болды. Ол елдің сыртқы және ішкі саяси-
экономикалық мәселелерін шешті. Сонымен қатар ол соғыс ашуға, саяси
мәмілелер жасауға және бағалы сыйлықтар алу мәртебесіне ие болды.
2) Шанью – ең жоғарғы қолбасшы. Сондықтан ол әскер басшыларын
сайлау мен соғыс стратегияларын құру міндетіне ие болды.
429