БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 429

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Шығыстың көрнектіойшылы Ибн-Халдун «адамның басқа жан- жануарлардан ерекшелігі – ол билік үшін күреседі» деп сипаттаған екен. Ал, ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарданегізгі ұғым билік болып табылады десе, Американың әйгiлi әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билiк тесоншалықты орын алатындығын атап көрсетеді [1, 30-31 б.]. Орта ғасырда өмір сүрген Жүсiп Баласағұнның «Құтты бiлiк» шығармасында айтылған ойлар бүгінгі күнге дейін де өз мәнін жоймай отыр. Бұл дастанда саясат, мемлекеттi басқару әдiстерi, билеушiлердiң әдептiк ережелерi, қоғамдық-саяси мәнi бар нұсқаулар мен ережелер, адамдар арасындағы түрлi деңгейдегi қатынастар мәселелерi жан-жақты қарастырылған. Ғұламаның негiзгi қағидалары әдiлеттiлiк, iзгiлiк, парасаттылық, қанағат, бақыт, ақыл-сана, бiлiмдiлiк туралы болып келедi. Баласағұнның айтуынша, мемлекеттi басқарудың сан қилы әдiстерiн игеру, алуан мiнездi қоғамды уыстан шығармау, әлсiздi қорғау, қажеттi жағдайда күште қолдана бiлу маңызды [2, 378 б.] Осы тұста біз Жүсіп Баласағұнның бұл ойларын өзі өмір сүрген дәуіріндегі басшыға берген сипаттары десек, онда оның еңбегінен сонау ортағасырдағы биліктің қаншалықты дәрежеде болғандығына куә болып отырмыз. Көріп отырғанымыздай билік пен билік ету мәселесі әрдайым назарда болған және солай болып қала береді де. Әдетте, «билiк» деген сөз әр түрлi мағынада қолданылатыны анық. Тек оның ықпалету бағытына, объектiсiне байланысты мынадай топтарға бөлеміз: мемлекеттiк, экономикалық, саяси, әлеуметтiк, құқықтық, әскери, рухани билiкжәне т.б. Бiрақ, билiктiң толық мағынасы мемлекеттiк болған кезде ғана айқындалатыны анық. Біздің мақсатымыз көшпелілер қоғамындағы билік құқығына қатысты зерттеушілердің пікірі қандай болды? Әскери демократиялық, монархиялық, немесе дәстүрлі биліктің қайсысын көшпелілерге тән деп тұжырым жасады? Көшпелілердегі жоғары билеушінің әр түрлі атаулары билік жүргізу ісінде өзіндік ерекшеліктеріне қандай түсініктемелер айтты? Мысалы, Үйсін мемлекетінің билеушісі күнби,ғұндар мемлекетінің билеушісі шаньюйдің, түрік мемлекетінің билеушісі қаған,монғол ұлыстарымен Қазақ хандығында хандар билігінің легитимдігі мен өзіндік ерекшеліктерінеғалымдар қандай анықтамалар берді.Осы тақырыпты ашу үшін біз мақаламызда көшпелілердегі билік құқығын зерттеген кейбір зерттеушілердің еңбектеріне тарихнамалық шолу жасауға ұмтылдық. Көшпелілер тұрмысы, мәдениеті және әлеуметтік-саяси құрылымы сырттан қарапайым болып көрінуі заңдылық. Сондықтан болар көшпелілер қоғамы алғашқы даму сатысындағы әлеуметтік ұйым ретінде қарау басым болды. Оған қатысты түрлі көзқарастар да айтылды. Көшпелілер тарихында жоғарғы билік пен құқықты зерттеу әрбір тарихи-мәдени кезеңдерде әртүрлі сипатта болды. Жалпы тәуелсіздікке дейін кеңестік ғалымдар «феодализмді аңсаушы», «хан билігін көксеуші» секілді айыптар тағылып, көшпелілердің мемлекеттілігін зерттеу артта қалған еді. Әлі күнге дейін кейбір ғалымдар көшпелі қоғамда мемлекеттілік болғанын жоққа шығарып, көшпелі қоғамда орнаған мемлекеттер жетістіктерін, әлемдік өркениетке қосқан үлесін жоққа шығарып бағуда. Ал енді зерттеушілердің басқа бір бөлігі көшпелілер ертемемлекеттік деңгейге жетті десе, екіншілері көшпелілер өркениеттік деңгейгекөтеріле алмады деген қорытындылар жасады. Қазіргі таңда бұл 428