БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 428

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Mukhangaliyeva Zh.K. THE ROLE OF THE CULT OF SAINTS IN EVERYDAY LIFE OF THE KAZARHS The article deals with the role of “auliye (holy)” in the Kazakh society of religious beliefs. In order to determine the historical assessment of fate and role in the work, the analysis of fundamental research, information from medieval sources and folklore works is carried out. As a result of the study, we get the answer to the questions “who are the auliye”, “what is their activity”, “why did our ancestors show them more respect”, which gives us the opportunity to replenish our historical and cultural values. Keywords: Saint, sacred (holy) places, Quran, Islam, gift. ______________________________________________________ ӘОЖ 94(574),,05|16” Тоқсанбаев А.Қ. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты E-mail: almas_0404@mail.ru КӨШПЕЛІЛЕР ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ Андатпа. Автор өз мақаласында Көшпелілер қоғамындағы ежелгі және орта ғасырлардағы билік құқығына қатысты жазылған еңбектерді саралап, оларға талдау жасады. Отандық тарих саласындағы көшпелілер мемлекеттілігіне байланысты негізгі ұстанымдарға талдау жасалған. Дәстүрлі қоғамдағы билік және әдеттегі құқықтың рухани құндылықтар мен сабақтастығын анықтап, нақты қорытындыларға келген. Тірек сөздер: мемлекеттілік, империя, қаған, хан. Бүгінгі таңда көшпелілердің тарихы, мәдениеті мен өркениеттілігі жан- жақты зерттелуде. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғаннан кейін көшпелілер қоғамы туралы мәселелелер толыға түсуде. Соның ішінде қазіргі таңда ғалымдар арасында жиі пікір таласқа түсетін көшпелілердің мемлекеттілігі, және олардағы билік жүйесі мен билік құқығы мәселесі болып отыр. Ол мыңжылдық тарихымен және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен ерекшеленді. Көшпелілердің құқықтық жүйесінің тарихын зерттеу қазақ қоғамының өмір тіршілігін және мемлекеттің саяси билік, әлеуметтік құрылымы маңындағы күрделі мәселелерді анықтауға жол ашады. Қандай құқық болса да қоғамның талаптарына орай туындайды, бұл жағдай Көшпелілер қоғамына қатысты күрделі мәселелерді қарастыруда әдеттік құқықтық қатынастардың маңыздылығын көрсетеді. Көшпелі мемлекеттердің құқықтық қатынастарды реттеу әрекеті түрлі тарихи кезеңде өткенімен, оның қызметі және ішкі мәні жақын болды. Көшпелілердің мемлекеттік құрылымы, саяси билік формасы, құқықтық мәдениетінің даму үдерісі ертеден бастау алады. Қазақстан территориясында көне дәуірде өмір сүрген тайпалардың және табиғи-дәстүрлі кезеңдегі қоғамдық қатынастар мен құқықтық жүйесінің сипаты қазақ қоғамының өзіне тән құқықтық негіздерінің қалыптасуына ықпалын тигізді. 427