БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 425
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
тұрған қызыл тілі ұдайы Алла тағаланы еске түсіруге қызмет етеді, ал
лүпілдеген жүрегі Алланың нұрымен нұрланған» деп жазады.
Х ғасырда суфизмде әулие иерархиясы жүйелі түзім тапты: әдетте
олардың саны 356, кейде 500, ал рухани көшбасшысы «кутб» (жарылқаушы)
аталды. Бұл құрылымда сопылық пен шииттік арналар тоғысып кеткен. ХІІ-
ХІV ғасырда сопылық бауырластық күшейгенде әулиенің қоғамдағы орыны
мен мән-маңызы, атқаратын қызметі мен міндеті еселеніп арта түсті.
Зерттеушілер сопылық пен әулие ұғымының қанаттас дамығанын және бұл
құбылыстың (суфизм) ХІІІ ғасырда ислам дүниетанымында шешуші мәнге ие
боп, зор ықпал жасағанын айтады. Ғылымда анықталғандай әулие культі
әсіресе ресми діннің орталығынан шеткерілеу аймақтарда тұрғылықты
халықтың
байырғы
наным-сенімдерімен,
салт-дәстүрімен,
ырым-
жораларымен тығыз сабақтастықта қалыптасатыны – анықта, қанық жайт.
Түйіндеп айтқанда, әулие культінің орнығуына жергілікті халықтың табиғат
нысандарына табыну жорасы (Мысалы: көрікті тау-тас, сырлы үңгір, шипалы
көл-бұлақ), шаманистік мифологиясы, аруақтарды ұлықтау рәсімдері өзгеше
лепте үндесіп, айырғысыз тұтастықта ұштасып, әбден кірігіп кететіні
байқалады. Түптеп келгенде, мұның бәрі халықтық исламның сомдаған төл
түсінігі болып табылады, осы ілімге сүйенген ел әулиені таңғажайып керемет
иесі (карама), береке-ырыздықтың бастау көзі, тілекті қабыл етіп
жарылқаушы, әр түрлі кәсіптің жебеуші иелері, қамқоршысы бейнесінде
таниды. Көзі тірісінде елді рухани тура жолға бастаған әулиелердің қайтыс
болғаннан кейін де қадір-қасиеті тағы да арта түседі, себебі олардың қабіріне
кесене тұрғызылып, бұл қасиетті дүрбе мұсылмандардың тұрақты зиярат
ететін киелі мекеніне айналады. Мәселен, Қазақстандағы Баба түкті Шашты
Әзіз, Арыстан баб, Ысқақ баб, Бекет ата, Яссауи, Әулие ата, Қоңыр әулие
сияқты әулиелердің сағаналарына халық жиі тағзым етуде.
Қазақ арасында ислам дінін таратып, осы жолда өмірін сарп етіп, жанын
қиған Арыстан баб, Қожа Ахмет Иасауи, Масат ата, Укаша ата секілді арғы
тегі хазірет пайғамбардан таралған әулиелер ерекше ілтипатқа ие. Олардың
тұқым-жұрағаттарын халық қожа деген әлеуметтік қабатқа жатқызып,
ақсүйек деп ардақтап келеді. Сонымен бірге дінді тарату жолына күш салып,
бұқараны имандылыққа үндеген жергілікті халықтан шыққан Әулие ата
(Сатық Бұғра Қара хан), Бахауиддин Нақышбанд, Бекет ата, Науан хазірет,
Марал ишан секілді тұлғалар да әулиелік жолды жалғастырушылар болып
есептеледі.
Қазақтың әпсана-мифтерінде әулие кереметті көрсетуші, тылсым сырды
шешуші, жоқтан барды жасаушы, батырларды жебеуші пір, дін жолында
құрбан болушы бейне ретінде дәріптеледі. Оның мұндай қызметтері, әлбетте,
өңірдегі табиғат нысандарымен тікелей байланыста болып келеді [9, 31 б.].
Г.П. Снесаревтің зерттеуінде әулиелі жерлерді сипатына қарай жүйелеп,
төрт топқа бөлген:
1. Нақты өзінің аты жоқ, лақап атпен белгілі әулиелер мазарлары, жерлеу
орындары;
2. Құран-библиядағы әулиелер, атап айтқанда Мұса, Нұх, Сүлеймен, Дәуіт
және тағы басқалар. Алғашқы исламның кезеңіндегі алғашқы халифтер,
Пайғамбар ұрпақтары, ілімін жалғастырып, таратушылар. Осы топта әр түрлі
мамандық пен кәсіпті қолдаушы әулиелер аталған;
424