БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 426

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. 3. Үшінші топта ортағасырлық сопылар негізін салушылар, жетекшілері, ізбасарлары аталады. Осы топта Г.П. Снесаревтің тұжырымында әулиелер көп және кең танымал болған. Дін таратушы жергілікті әулиелер мен дін аша келген әулиелер кең тарады; 4. Төртінші топта жергілікті билеушілер отбасы мүшелері, жеке адамдар ел арасында әйгілі, кең тараған қасиетті әулиелер жанында жерленген соң белгілі болған адамдар енген. Г.П. Снесарев Орта Азиядағы әулиелер культінің тарихи тамырын, екі бастауын ата-баба культі және көне өркениет жағдайында қалыптасқан зороастризммен байланыстырған [15, 56 б.]. Қазақ даласында әулиелі жерлер көп. Олардың көп жері – Қаратау алқабы деуге болады. Соларды өлкені зерттеушілер үш топқа бөлген. Біріншісі – Бабтар, екіншісі – сопылар, үшіншісі – аталар, шәкірттер деп бөлінеді. Әулиелер культі бірінші, белгілі бір кезеңде өмір сүрген тұлғалардың әулиеге тән қызметі, уақыт беделінде қиял-ғажайып сипат алған тарихи бейнесі, екінші әулиелерге байланысты мазарлар, ғибадатханалар, молалардың болуы және олардың жанындағы барлық құрылыс, шырақхана, түнек үйі, шырақтар, су көздері, құдықтар, ағаш, тастар – бәрі қасиетті болып есептеу, белгілі бір зиярат ету рәсімінің болуы. Исламға дейінгі дәстүрдің жұрнақтары тұрмыстық, халықтық ислам ретінде көрсетіліп, исламмен әрекеттесе отырып, өзінің өміршеңдігін жалғастырып келеді. Әулиелер культі исламға дейінгі наным-сенімдердің көптеген бөліктерін өзіне жинақтай отырып, өзінің негізгі ойы бойынша ислам рухын бейнелейді. Әулиелер мазарлары, олардағы белгілер кейбір исламға дейінгі рәсімдерді, салт-дәстүрлерді сипаттайды [7, 3 б.]. Қабірлерге, әулиелерге зиярат ету – қазақ салт-дәстүрлерінің ықпалды бір бөлігі, ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие институты. Мұндай тұтас институтты халықтың санасынан сылып тастау мүмкін емес. Әрі бұл қадам аса қауіпті де. Өйткені зиярат институты жойылған жерде пайда болған рухани бос кеңістікті міндетті түрде әсіресе деструктивті ағымдар жаулайды. Бүгінгі материалдық дүниенің көзімен қарағанда, «әулие» дегеніміз – көбіне-көп көзге түсе бермейтін жалғыз құлпытас, ағаш түрінде мола ғана. Сондықтан мұндай орындар ресми тарихи-сәулет ескерткіштерінің қатарына қосылмай, ресми ескерткіштер тізіміне енгізілмей қалып жатады. Өйткені әулиелерді құрметтеу бүгінгі діни оқулықтарда қарастырылмаған, қайта керісінше – жоққа шығаруға деген бейімділік байқалады. Сондықтан олардың басын қарайтып, күніміз түскенде ғана бірдеңе дәметіп түнеумен шектелмей, олар туралы ақпарат жинап, олардың рухани болмысын тануға да әрекеттену керек. Өйткені олар жөніндегі түсініктердің басым көпшілігі бүгінде естен шығарылған, білетініміз – азын-аулақ, оның өзінде де өңін адам танымастай етіп өзгертіп алған жарымжан аңыздар ғана. Ал шындығында, қай әулиенің болмасын, аңызының астарында ғасырлардың ғана емес, мыңжылдықтардың сыры жасырулы жатыр. «Аңыз түбі-ақиқат» деп бекер айтпаған дана халқымыз [16, 38 б.]. Жалпы әулиелердің қазақ қоғамындағы рөліне келер болсақ, олар белгілі бір өңірде, белгілі бір кезеңде өмір сүрген, ислам дінінің халық арасына таралуына ықпал еткен, сол кезеңнің өзінде халықты өзінің кереметтерімен бас идірген адамдар болған. Осындай тұлғалардың қызметін зерттеу, зерделеу арқылы ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, жаңғырта отырып, 425