БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 422

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Сондай-ақ, әулиенің ерекше кереметтерінің бірі – перзентсіз ата-анаға ұрпақ сыйлайтын қасиеті екендігі қазақ эпостарында, аңыздарында тұрақты дәріптеледі. Мысалы, «Қобыланды батыр» жырында бұл жағдай былайша көрініс табады: Сексенге жасы келгенше Бір бала көрмей Тоқтарбай, Қайғыменен қан жұтып, Ақылынан адасқан..... Әулие қоймай қыдырып, Етегін шеңгел сыдырып, Жеті пірге танысқан. Әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып, Қабыл болған тілегі, Жарылғандай жүрегі... [11, 4-5 б.]. Перзентке зар кәрі ата-ана «атса оқ өтпейтін, шапса қылыш кеспейтін» батыр баланы қалайды, нәтижесінде ол ел үшін еңіреген ердің ері болады. Ал, батырды өмірге келуіне о баста шапағат жасаған әулие оны алдағы қиын- қыстау ұрыстарда да ұдайы жеңіске жеткізуші жебеуші пірге айналады. Ал «Алпамыс батыр» қиссасында бір перзентке зар болған Байбөрі бай әулиеге түнегені былайша суреттеледі: Қожалардан бата алып, Жапан кезген атанып, Жоғары қарап өрледі... Отырарда Арыстан бап, Сайрамда бар сансыз бап, Бәріне бір түнеді. Әзіреті Қаратау Әулиенің кені еді. Өзен, сайын тастамай, Бәріне бір түнеді... [11, 156-158 б.]. Өткен тарихымызда қазақтың дәстүрлі сенімінде – «әруақты шақырып», «әулиеден, пірінен медет тілеу» дәстүрі болғанын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы «Өлеңмен берілген аят» атты өлеңінде де әулиеден медет тілеп, пірінен көмек сұрау, қазақ дәстүрінде бар екендігін дәлелдейді. Ол туралы: Кәміл дүр сенің пірлерің Барша білер сырларын, Түркістан-дүр жерлерің, Хазірет Сұлтан, сенен медет! [12, 232 б.] немесе «Түркістан сапары» өлеңінде: Шығып ек кешегі айда елімізден, Мекен-жай, қоныс қылған жерімізден. Хазіреттің ақ күмбезін зиярат қып, Қол жайып бата алғалы пірімізден – деп көрсетеді [12, 120 б.]. Сопылар Алланың нұры әулиелерге түседі, сосын барып адамдарға беріледі дейді. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Әли Сина «Аллаға қалтқысыз қызмет еткен, тақуалық жолына түскен, таза шын ниетпен өмір сүрген адамдарға да әулиелік қонып, кереметтер көрсету қабілетіне ие бола алады» деген пікір айтады. Әулиелер туралы тұңғыш жинақ суфизм жайлы алғашқы 421