БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 420

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Залымдардың өмірі Бір шарпуы тимеген, Арамды көңілі сүймеген; Дін мұсылман баласын Кереметпен билеген; Саһар тұрып жылаған Хақтан медет сұраған; Ол ерлердің тағаты Құдайына ұнаған, Бабай түкті Шашты Әзиз, Ер Сейтпенбет, Мағзамнан, Марал ишан, софы әзиз – Солардан да өткен сұм дүние... [3, 90-91 б.]. Мұхаммед пайғамбар хадисінде: «Қайсыбір пендеге Алла жақсылық жасап, оны дін және шариғат ілімдеріне жетік етіп қояды. Оған дұрыс жолды сілтеп тұрады» – дегенді айтады [4, 59 б.]. Сол ілімін әрі қарай дамыта білген әрбір адам көп адамдар жете алмайтын жетістіктерге жетеді. Дін мен шариғатты қатар меңгерсе ерекше қасиетімен түрлі кереметтер, ғажайыптар көрсетеді. Ел ішіне даңқы көзінің тірісінде-ақ тарайды, сондай адамдардың қатарында «әулиелер» болғандығын білеміз. Ислам дінінде әулиелер жоққа шығарылмайды, қайта таза дін ұстанушылар, Алланың досы деп құрметтелінеді. Ислам энциклопедиясында «әулие» ұғымына былайша анықтама берілген: «Әулие» (араб тілінен аударғанда – желеп-жебеуші) – «ерекше діндарлығымен, дін жолына кіршіксіз берілгендігімен халық сеніміне ие болған қасиетті тұлға» [5, 94 б.]. Яғни, керемет қасиетіне ие, дін жолындағы адам. ХІХ ғасырдың ғұлама ғалымы Ш.Ш. Уәлиханов зерттеуінде: «Қазақтарда әруақты қастерлеу салты қазіргі күнге дейін өз күшінде. Олар басына қауіп төнгенде, мұсылмандардың әулие-әмбиелеріне сыйынатын, әруағын көмекке шақырады. Қазақтар әруақтарға бағыштап төрт түліктің қайсысын болсын құрбандыққа шалады. Мінәжат етіп, әруақтың басына (моласына) барып түнейді. Құрбандық шалады, өзінің қолы жетпей жүрген көкейтесті арманын өтеуді тілейді» деп атап көрсетеді [6, 56 б.]. Зерттеушілер қазіргі таңда әулиелердің қазақ қоғамындағы рөлін анықтауға аса көңіл бөлуде. Өйткені әулиелер ерте кезден ата- бабаларымыздың аруақтарға сыйыну наным-сенімдері жоғалмай, ислам діні енумен қатар, қазақ қоғамында әулиелерді құрметтеудің кеңінен таралуы жайдан-жай емес еді. Олар салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сақтап, халықты имандылыққа жетелейтін, Аллаға адал, керемет қасиеттерінің арқасында өздерін, өзге де адамдарды қорғап, сақтайтын тұлғалар болды. Ал қазіргі таңда олардың қызметіне күмәнмен қарайтын жандар да аз емес. Сондықтан «әулиелер» олар кімдер, қызметі қандай, неге біздің ата-бабаларымыз оларға құрметпен қараған деген сұрақтарға жауап іздеу өткен тарихи, мәдени болмысымызды ашуға, одан сабақ алуға мүмкіндік берер еді. Сонымен қатар, әулиелерге құрмет көрсетудің орнына оларға табынуға шақырып, халық арасында жаңсақ пікірдің қалыптасуына себеп болып отырғандар да аз емес. Мұндай жаңсақ ойлар қазақ қоғамында әулиелердің орнын, рөлін түсінбеуден туындап отыр. Қоғам және мемлекет қайраткері Ө. Байгелдинің: «Жаңа имандылыққа бет бұрған адамдарға неден бастау керек, алдымен нені білу 419