БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Seite 413

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. киргиз. Практика в советской работе средняя. Хороший литератор на киргизском языке. В настоящее время по выбору занимает должность Предсовнаркома. С должностью т. Сейфуллин справляется. В прошлых должностях т. Сейфуллин проявил достаточное руководство работой, умение подбирать работников ируководить ими. Отношение к подчиненным вообще и к партработникам хорошее. Дисциплинированный член партий. Марксистки подготовлен путем самообразования. В политической обстановке быстро ориентируется. Политический устойчив. Никаких уклонов от большевизма не было. Владеть собой и признавать свои ошибки умеет. Наклонностей к склонам и группировкам нет» [10, 17 б.]. Яғни, Сәкен Сейфуллин ісіне адал, әділдікті ұстанатыны, біліктілігі, қызметтестері арасында сыйлы, тіл табыса білу қасиеттерімен ерекшеленді. Осы жерде мынаны ескерген дұрыс, кеңестік билік қызметке тағайындар уақытта қызметкердің партиялық тазалығына, шыққан әлеуметтік тегіне, саяси тұрақтылығына қарайтын. Белгілі бір лауазым иесі болу үшін міндетті түрде большевик партиясының мүшесі болуы, кедей, жұмысшы отбасынан шығуы керектігі сияқты қасаң талаптар қойылды. Бұл жалғыз Сәкен Сейфуллинге ғана емес, барлығына қойылатын талап болған. Мұндай таптық көзқарастағы солақай саясаттан әсіресе Алаш зиялылары қатты зардап шекті, билік органдарынан шеттетілді, тек ғылыми, әдеби жұмыстармен шектелді. Сәкен Сейфуллин өзінің қызметіне кіріскен алғашқы күннен-ақ Қазақ республикасының алдында тұрған келелі мәселелерді маңызына қарай сараптай білді. Бұл туралы үкімет басшысы 1923 жылдың басында «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған мақаласында былайша тұжырымдап, талдайды: халықтың әл-ауқатын көтеру, қазақ халқын отырықшы қылу, өнер-білімге жұмылдыру, оқу істерін нығайту, тез арада қызметкерлер даярлау, ауыл шаруашылығын, бұрынғы тоқтап қалған завод, фабрикаларды, кәсіп дүкендерін жөндеп іске қосу [11, 3 б.]. Бұл үкімет басшысының алдағы атқарар істерінің бағдарламасының айқындығын, мақсаты мен міндетін терең түсінгендігін көрсетеді. Салыстыра қарасақ, сараланған мәселелердің барлығының да республика үшін маңызы зор екені түсінікті. Дегенмен үкімет басшысының есептеуінше, ең алдымен халықтың әл-ауқатын көтеру қажет. Сәкен Сейфуллиннің 1922-24 жылдарда Қазақ үкіметіндегі басшылық қызметі күйреген шаруашылықты қалпына келтірудегі қиыншылықтар, мал көп қырылған жұт, қуаңшылықтан егіннің шықпай қалуы себепті республиканы аштық жайлаған ауыр кезеңге тура келді. 1921-22 жылдары Орынбор губерниясында – 445000, Қостанайда - 225000, Оралда – 400000, Ақтөбеде – 300000, Бөкей Ордасында – 100000 адам аштыққа ұшырады. Қазақ ОАК-і Төрағасы С. Меңдешев 1922 жылы 8 шілдеде Қазақ ОАК-інің ІІІ сессиясында жасаған баяндамасында толық емес мәліметтер бойынша республикада 2 млн. 832000 адам аштыққа ұшырағанын мәлімдеген [12, 186 б.]. Сәкен Сейфуллин өзінің алғашқы қызметін ашыққандарға көмек көрсетуден бастады. 1922 жылы 16 қарашада Қазақ ОАК-і С. Меңдешев, С. Сейфуллин және Ж. Садуақасовтардың қол қоюымен Қазақ ОАК-і жанындағы аштыққа қарсы күрес жөніндегі Орталық комиссияның Ережесі бекітілді [3, 257 б.]. Комиссияның міндеті төмендегідей белгіленді: 412