БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 407

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. слободкасын жиі-жиі бос сулар шайып отырады, алайда бұл жердің жергілікті тұрғындары үйреніп қалғандықтан бұл жерден көшпейді. Слободка қасындағы ежелгі мешіт Бөкей Орда старшыны Қарауыл қожа Бабажановтың талабымен салынған [7, 43 б.]. 1826 жылы 9 тамызда хан Жәңгір Орынбор Мохаммедтер діни жиналысының басшылығынан жауап алады. Онда жоғары муфти Абдусалям Абдрахимов, жергілікті діни жиналысқа қатыса отыра Орал қаласының ақыны Сапараев Сагиттан Қайра деп аталатын жерде мешіт салдыруға рұқсат беретіндігі және сенім білдіріп отырған Қарауыл қожаға оның иелігінде екінші мешіт салдыратындығы айтыла келе, Орал қаласындағы мешіт жиналмалы тастан салынатындығы айтылды. Мохаммедтің ережелерге сәйкес Орал қаласындағы құлшылық жасаушылардың көптігіне және Қарауыл қожаның ниет білдіруіне байланысты Орал қаласының әскери кеңесіне мынадай талаптар қойды. Біріншіден, Орал қаласы тұрғындарынан рұқсат алып, жаңа мешіттің Қарауыл Қожаның иелігінде болуына келісімдерін білдіргендерін хатқа түсіру қажет. Ал, келіспеген жағдайда жергілікті діни жиналыстың құзіреттілігіне қалдыратындығын мәлімдейді. Осы рухани жиында жасалған құжатта, Орал қаласында тас Собор мешіті бар екендігі және 815 ер адамға арналған жуынатын бөлме бар екендігі айтылған. Бұл құжаттардан, 1826 жылы тас Соборлық татар мешіті қайта салынып, жұмыс жасағандығы белгілі. Қарауыл қожа Бабажанов «бес уақыт құлшылық жасайтын мешітті» Қайра деп аталатын (татар слободкасының орнына), 1821 жылы Жаңа татар слободкасы деп бөлінген жерге салғысы келді. Жайық казак ұлы Нағим Зұлқарнайұлы Мұсаев пен София Мингасовна Аухариева Куренидің оңтүстік-шығыс жағындағы құмды орынның Қайран деп аталатынын айтады. Қайран «құм» деген мағынаны білдіреді. Дәл осы жерде 1821 жылы Татар слободкасы орналасқан деуге болады. Жаңа татар слободкасы бұрынғы педагогикалық институт үйінің батыс жағына (Шаған өзеніне қарай) орналасқан. Жаңа слободкада кірпіштен мешіт және медресе салынды. Ал татарлардың жаңа зираты Шаған өзенінің оң жақ жағалуында орналасқан. Жаңа слободкаға тек Еділ татарлары ғана қоныс тепкен. Ал Теке ноғайлар бұрынғы орын – Курениде қалған [8] Жазушы Н.Ф. Савичев 1824 жылы мынадай дерек қалдырып кеткен: «Орал көпірінің жолында, Куреньнен оқшаулау жерде татар слободкасы орналасқан. Ол 1821 жылғы өрттен кейін салынды; ол ежелден орыс казактарының дінге деген төзбеушілігінің дәлелі ретінде билеуші Михаил Федоровичтің күшімен жайық казактарына ерікті адамдардан жиналған топтарға берілген грамоталарда айтылған. Татар слободкасы жиі суға кетіп тұрады, бірақ оның тұрғындарының ол жерде тамыр жайғаны соншалық, ешқайда көшпейді.Слободкада орналасқан ағаш мешіт ( тасталынған секілді) Бөкей ордасының старшинасы Қарауыл Бабажановтың құлшынысымен салынған. Татар слободкасының артында Хан орманы орналасқан. Өз атын ол 1825 жылы алады. Ол кезде оның көлеңкесінде хан тағына сай Ішкі Бөкей Ордасының ханы Жәңгір көтеріліп келе жатқан еді [9, 435-436 б.]. Орал қаласының 1890 жылдардың басындағы жоспарында төрт мешіт салынған. Оның екеуі Курениде орналасқан: Татар слободкасындағы ағаш мешіт, екіншісі,Куренидің оң жағындағы, татар жағындағы тастан салынған 406