БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Página 406
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Собор да өртеніп кетеді. 1751 жылы өрттен кейін тағы бір ағаш мешіт
салынады.
Сонда, Жайық қалашығындағы тас Собордық мешіт қашан салынды? Бұл
1807 жылдар шамасында болды деп болжауға болады. Оның орны белгілі:
Үлкен Михайлов көшесінің оң жағында, Курендегі Шамсутдинов заманауи
көшесінде, бұл көше революцияға дейін Мешіт көшесі болып аталды. Дәл
осы көшеде екі этажды, күйдірілген қызыл кірпіштен салынған Ақ мешіт
орналасты. Бұл мешіттің халық арасында Ақ мешіт аталған себебі, оның
өртке күйген қабырғаларын әкпен ақтаған болатын. Мешіт, Нағим
Зұлқарнайұлы Мұсаевтың айғақтарына сәйкес, 1946 жылға дейін тұрып,
кейін оның кірпіштері бөлшектелді. Күні бүгінге дейін Достық даңғылында
(бұрынғы Михайлов) жердің деңгейімен бірдей қабырғалардың қалдықтары
сақталған, олардың қалыңдығы бір метрден астам, ұзындығы он метрдей
болды.
Қалашықтағы Жайық казак мұсылмандарының алғашқы ағаш мешіттері
қайда орналасты? (Бұл кезде қалашықта бірқатар казак емес халықтар да өмір
сүрді, бұл жерде ғимарат салуға тек қана Жайық казактарының ғана құқығы
болды). Қаланың шекарасы XVIII ғасырдың ортасында қазіргі Пугачева
көшесінен өткен қалалық қабырға болды.
Үлкен Михайловская көшесі Ежелгі Михайло-Архангельск соборына
солтүстіктен оңтүстікке қарай, қаланы екі бөлікке бөліп тұрғандай созылып
жатты. 1960 жылдың өзінде-ақ қаланың ежелгі Соборға қарайғы жағы –
Оралдық деп, қарсы жағы – татарлық деп аталды. Бұл урбонимдар 1821
жылға дейін өмір сүрген алғашқы татар слободкасының және бірінші,
ағаштан жасалған татар мешіттерінің ықтимал аймағын болжауға
көмектеседі.
1821 жылы өрттен кейін, 1826 жылы 11 шілдеде Ішкі Орданың ханы
Жәңгір Орынбор шекаралық комиссиясына өтініш білдірді. Онда,
қоластындағы Қарауыл Қожа Бабажанов Орал қаласындағы Мохаммедтіктер
жердің шалғайлығына байланысты құдайға құлшылық жасауға орталық
мешітке бара алмайтындарын және болған өрттен кейін өзге елді мекендерге
көшіп кетулері де кедергі болып отырғанын жазып, Қайре елді мекенінде
жаңа мешіт салдыруға өтініш білдіреді. Бес уақыт құлшылық жасайтын
мешітті Қарауылқожа қандай материалдан салғандығы құжаттық деректерде
анық түсіндірілмеген.
Қазақстанның ірі қалаларында татарлар қоныстанған жерлерді «Татар
слободкасы» деп атаған. Татар слободкасы өзінің құрылысымен ерекшеленді.
Көшенің нақ ортасында зәулім мешіттері, моншасы, керуендер тоқтайтын
сарайы, ауруханасы, сауда үйлері мен базары болған.
Тaтaрлaрдың көп oрнaлaсқaн жерiнiң бiрi – Бөкeй oрдaсы бoлғaн. Бұл
Oрдaдa Жәңгiр хaн eлдi билeгeн кeзiндe хaн oрдaсынa aрнaйы әкiмшiлiк
мeкeмeсiн құрғaн. Oрдa сeлoсындa Жәңгiр хaн oрыc cәулeтшiлeрiн шaқырып
қaлa үлгiсiндe үйлep сaлғызды. 1841 жылы қaлa үлгiciндeгi үйлeр 41 бoлca, aл
1846 жылы 89 үйгe жeткeн. Хaн Oрдaсындa Қaзaн тaтaрлaрының 13 үйi
бoлғaн [6, 58 б.].
Opaл көпіріне барар жолда татар слободкасы Курениден бөлініп жатыр.
Ол өрттен кейін 1821 жылы салынған. Ол сонау патша Михаил Федоровичтің
ерікті адамдардан тұратын Жайық казактарына берілген грамотаға сәйкес
олардың ерікті түрде дінге деген төзімділігінің дәлелі бола алады. Татар
405