БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 405

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Барлығымызға белгілі, 115 қазақ авторларының кітаптары, соның ішінде Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Спандияр Көбеев, Сәкен Сейфуллин және тағы басқа, тек қана татарлардың екі жеке баспаханасынан шықты, бірі- Қазандағы ағайынды Каримовтар баспаханасы, екіншісі – Оренбургтағы «Каримов, Хусаинов және компания» баспаханасы [1, 23 б.]. XVII ғасырда Жайық қалашығында Татар слободкасының болғаны құжаттық мәліметтерден белгілі. 1696 жылы қыста қалаға 200 башқұрт отбасысы қоныс аударды. Башқұрттар патшаға сайланған адамдарын жіберіп, одан қашқандарын кешіруді және Уфа уезінде қоныстануын рұқсат етуін сұрады, жауап келгенге дейін олар көштерімен татар слободкасына тоқтады [4, 383 б.]. Татар слободкасында татар балаларын үйрететін сауатты адамдар мен мұғалімдер болды. 1716 жылы Мұста Нұрғанеев, 27 жасында, Жайыққа келіп, татар казагы Иван Салминнің үйінде өмір сүрген. Ол 1723 жылы 23 желтоқсанда өзі туралы: «Татар балаларын сауаттандырып, нанымды тауып жүрмін» деп жазады [5]. Бүгінгі Орал қаласында, бұрынғы Жайық қалашығы орналасқан жер «Курени» деп аталады. Куренидің қай жерінде татар слободкасы орналасты? 1821 жылы 21 шілдеде, сағат түстен кейін, 2 ге таман Орал қаласында «татарлар өмір сүргеннен бастап», « екінші үлкен өрт» болды. (Біріншісі 1807 жылы болған естен кетпес өрт). Өкінішке орай, қатты жел соғып, отты жебені бүкіл қаланың солтүстік шетіне, Савичева көшесінің бойымен бағыттай айдады. Бірнеше кездейсоқ аман қалған үйлерді қоспағанда, өрт бүкіл қаланы, солтүстік, оңтүстік және батыс жағынан Жайық-Орал және Шаған өзендерімен қысылған, тығыз орналасқан құрылыстарды жойып жіберді. Өрт 1219 жеке ағаш үйді және 109 тас үйді жойып жіберді. Екі тастан салынған әскери үй, ағаштан салынған училище өртеніп кетті. Пугачев алаңындағы екі тастан салынған шіркеудің тек қана күйген қаңқасы ғана қалған. Одан басқа, 1810 жылы салынған Қазан шіркеуінің қоңырауында орналасқан алғашқы қала сағаттары да өртеніп кетті. Бұл өрт кезінде татарлардың тастан салынған мешіті де өртеніп кетті. Бұл мешіт қай жерде орналасты, қашан салынды және ол Жайық қалашығындағы ең алғашқы мешіт пе?, - деген сұрақ туындайды. Жайық қалашығындағы ең алғашқы мешіттер әрине ағаштан салынған болатын. Қаладағы алғашқы татар мешіті деректерде 1717 жылы деп көрсетіледі. Қазандағы тексеру жұмыстарының кезінде кеңсеге Астрахань татары Ислемесев Келдюшті әкелген кезде ол Астрахань коменданты Чириковтың рұқсатымен 1917 жылдың көктемінде сауда үші қалмақ ұлыстарына барғанын және үш аптадан кейін ол жерден екі қалмақпен келіп, сырқатына байланысты татар мешітінде төрт айдай жатып, кейін сол қалмақтармен қайтадан қалмақ ордасына келгенін көрсетеді [4, 518 б.]. Қаланың барлық ғимараттары секілді мешіт те ағаштан салынған болатын және 1722 жылы болған өрт кезінде өртеніп кетуі ықтимал. Уақыт өте келе тағы бір ағаштан жасалған мешіт салынды.( алғашқы күйдірілген кірпіштен салынған ғимараттар 1740 жылға жатады). Бірақ бұл мешіт те, 1751 жылы 10 тамызда болған қатты Шилихиндік өрт кезінде өртеніп кетеді, бұл өрт кезінде тіпті жаңадан тастан салынған Ескі 404