БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 404
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
келдік деп ойлады. Осыған байланысты барлық татар ауылдары өз орнынан
көтеріліп, осы жерлерге көшіп кеткен.
Каспий аймағында жергілікті қазақтар татарлар деп атаған ,ал үлкендер
қазір де ноғайлар деп атайды.
Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі – Оралда (Жайық қалашығы),
татар орналаса бастаған алғашқы қалада, олар өмір сүру аймағы бойынша 2
топқа бөлінді. Біріншісі, өмір сүру уақыты көбірегі Курени және екіншісі
кішісі – Татар слободасы.
Қазақстандағы миграциялық көшу толқынының ең ірісі ХІХ ғасырдың
аяғында болды.
Мануфактуралық өндірістің дамуы, жаңа капиталистік қатынастар мен
Орта Еділ, Солтүстік Орал, Батыс Сібір және қазақ жерлерімен сауда
айырбасының өсуі, ХІХ ғасыр аяғында болгар-татар халқының бұл аймақта
ұлғаюына алып келді.
Татарлар өздерінің туып-өскен жерінен қазақ жеріне жақсы өмір сүру
үшін келген жоқ. Оның бір себебі қалыптасып келе жатқан орыс капиталы
қысым көрсетті.
Көшіп келген татарлар тобы қоныстанған өмір мәдениетін, исламға деген
адалдықты сақтады, қолөнер мен сауда дамуына өз үлестерін қосты.
Нәтижесінде, ХХ ғасыр басында татарлар мен олардың жанұясы барлық
қазақ жерінде,батыс аудандарды қоса
есептегенде, саудагерлер,
қолөнершілер, жұмысшылар, дін қызметкерлерін және мұғалімдер тобын
қалыптастырды.
Татарлардың мәдени қызметі дінмен және педагогикамен шектелмегені
белгілі. Оралда, Семейде, Петропавлда, Троицкде, Атбасарда, Қостанайда
және Верныйда өзін-өзі басқаратын татар театрлары жұмыс істейді және
газеттер шығарылады. Қазіргі Қазақстандағы барлық аудандардың дерлік
жергілікті мәдениеттерінде татарлардың ізінің бірнеше үлгісін келтіруге
болады.
Татарлардың Қазаннан жылжуы екі бағытта болды, біреуі – Астраханьға,
екіншісі – Оралға, қазақ даласына кіретін қақпа бола алатын екі жақын
қалашықтар.
Нәтижесінде, осы Орал мен Астрахань татар диаспорасының
қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Каспий аймағы татарларының тарихы
Орал және Еділ аймағының татарлары тарихымен тығыз байланысты.
Сондай-ақ, Орал - Атырау мен Маңғыстауды қоса алғанда, барлық Каспий
маңы аудандарының облас орталығы болды. Гурьев ауданының басқа елді
мекендерінен Каспийдің солтүстік шығыс жағалауында Ембі өзенінің
аузында орналасқан «Жилая Коса» елді мекенін атап өту керек.
Қазан, Астрахань, Орал және Орынбор сияқты, татар көпестері Жилая
Косада да мал, балық шаруашылығын, сауда үйлерін ашты.
Сонымен бірге, осы аймаққа келген татарлар, басқа жерлердегідей,
аймақтағы білім беру ісіне әсер етті.
Мұнда тек қана өндіріс және үй тұрмысына қажетті заттарды әкеліп қана
қоймай, сондай-ақ Қазан мен Орынбор баспаханаларында басылып шыққан
ең көп айналымға енген әр түрлі әдебиеттерді әкелді. Оқыған татарлар
Оралда, Гурьевте, Жилая Косада мешіттер мен мектептер салып, ашты. Сол
жылдардағы қазақ ағартушыларының кітаптарының басым көпшілігі
татарларға тиесілі баспаханаларда жарияланғандығы факт болып табылады.
403