БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 403
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Өлкені отарлау негізінде орыс халқын қоныстандырудан басқа, елді
болашақта Орал мен Сібір бойын отарлауда базаға айналдыруды көздеді.
Орыстандыру саясатының бастамасы ретінде жергілікті халықты православие
дініне бағыттау керек еді.
Орыс емес халықтарға қысым көрсету саясаты кезінде өлкеде кезең -
кезеңмен көтерілістер болып тұрды, алайда олар қатаң түрде басылып
тасталды. Татарларды шоғырланған жерінен босып кетуге итермеледі.
Олардың жерлерін тартып алып, өмір сүру көзінен айырды. Саяси қарым-
қатынасқа татарларды бағындыру үшін патша өкіметі оларды қалалардан
ығыстырды, яғни Қазан қаласынан қуып қана қоймай, қарым-қатынас жасап
отырған негізгі өзеннен ығыстырды.(Ескеретін жағдай, патша өкіметінің
бұндай саясаты қазақ өлкесінде де болды). Нәтижесінде орыс емес халық
өкілдерін қудалау процесі етек алды. Дінді қабылдамаған мұсылмандарды
Қазанның оңтүстік шығысына, Башқұртстанға, Қазақстанның солтүстік
батысына, Сібірге көшірді.
Қазақ даласына қоныстандырудың екінші легі ХVIII ғасырдың ортасында
Қазан маңынан көшіру айқындалды. Қазақстанның Ресей империясының
құрамына ену кезеңімен сәйкес келді [1, 19 б.].
Жайық (1775 жылдан бастап – Орал) казактарының басқа казактардан
ерекшелігі оның құрамында мұсылман казактары, соның ішінде ноғай
татарлары болды. Ал казактардың астанасы, Жайық қалашығында (1775
жылдан бастап – Орал қаласы) және кейбір станицаларда әскери мешіттер
орналасты. Жайық казактарының құрамында сонымен қатар христиан дінін
қабылдаған татарлар да болды [3, 60 б.].
XVIII ғасырдың ортасында тоғысқан жолдарда бекініс-қалалары пайда
болуы жағынан Оралдан кейін Орынбор болды. Ертіс әскери шебінің маңына
көшуге патша өкіметі рұқсатын бергеннен кейін татарлар Петропавл, Семей,
Көкшетау, Ақмола, Павлодар, Атбасар, Верный, Перовск қамалдарына көшті.
Кейіннен татарлар қазақ даласынан Бұхараға, Самарқандқа, Ташкентке,
Қашқарға тілмаш ретінде экспедиция құрамында болып, жаңа өлкелерге
қоныстанды.
Татарлардың Қазақстанға көшуі Екатерина ІІ-нің 1773 жылғы «Дінге
төзімділік» деп аталатын бұйрығынан кейін, оның негізінде барлық дін
бірдей құқыққа ие болып, күштеп шоқындыру жойылды. Мұның өзі қазақ
даласына дін иелерінің ғана емес, педагогикалық қызметпен айналысатын
адамдардың келуіне жағдай жасады.
Патша өкіметінің тегеурінін көрген татарлар Еділ мен Кама бойынан
көшті. Патша өкіметі өз еркімен қазақ даласына көшкен татарларды
марапаттауға тырысты. Осы жағдайдан кейін көпестер мен татар
молдаларының көшуі күшейді. Ал, патша солар арқылы жергілікті
халықтармен байланысты күшейтті. Осы жерде ескеретін жағдай, татарлар
көшкенде ақ көңіл, бауырмал өздеріндей түркі тілдес халықтарға тап болды.
Бұл екі халықтың діні, тілі, дәстүрлерінде ертеден келе жатқан этникалық
байланыстар болды.
Бұл жерде оларды бір-біріне белгілі, этникалық және мәдени
байланыстары, тілдері, салттары, менталитеттері баяғыдан қалыптасқан,
өздеріне туыс түркі халықтары жылы шыраймен қарсы алды. Бұл жерге
келерде, татарлар өздерінің ағайындарына, өздері сияқты туыс халыққа
402