БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 408
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Мечетная көшесіндегі мешіт (қазіргі Шамсутдинова көшесі). 1851 жылы
қазан татарлары қоныстанған жаңа татар слободкасында Қызыл мешіт
салынады. Бұл слободка ескі базар ауданында орналасты: оның сәулеттік
көрінісі бүгінгі күнге дейін сақталды.
1897 жылы жаңа базар ауданында тастан Яна мешіті салынады. Сонда,
Орал қаласында революцияға дейін үш тастан салынған, бір ағаштан
салынған мешіт болған.
XIX ғасырда түгел Батыс Қазақстанда – Орынбор облысының қазақтары
мен Бөкей Ордасында және Орал казак әскерінде барлығы 1363460 адам
тұрды. Бұл кезде қолөнер мен сауда дамып, пайдалы қазба өңдеу іске
асырылып жатты [10, 53 б.].
Қaзaқстaнның рeвoлюцияғa дeйiнгi хaлқының дeмoгрaфиялық құрaмын
зeрттeгeн ғaлым Н.В.Aлeксeeнкo 1897 жылғы сaнaқ бoйыншa Дaлaлық
Қaзaқстaндa тaтaрлaрдың бaрлық сaны 41765 aдaм, яғни 1,6% бoлғaндығын
кeлтiрce [11, 82 б.], aл зeрттeушi А.Хaликoв ХХ ғacыp бacындa Peceйдiң түрiк
тiлдec мeмлeкeттepiнiң iшiндe Coлтүcтiк жәнe Шығыc Кaвкaз, Oрaл өңiрi мeн
Oртa Aзиядa тaтap ұлт өкiлдeрiнiң көп шoғырлaнғaндығын жaзaды [12, 57 б.].
1885 жылы Орал казактарының әскерінің аумағында 10079 татар өмір
сүрген, оның 5378-і татар-казактар болған (53,4 %). Бір қызығы, Орал
қаласының өзінде осы жылы бар жоғы 279 татар-казак және 1600 татар өмір
сүрді. Татар-казактардың басым көпшілігі негізінен станицаларда өмір
сүрген. Мысалы, Орал бөлімшесінің станицаларында 3000 жуық татар-казак
және 1200 басқа қалалық татарлар өмір сүрді; Калмыков бөлімшесінде 2000
жуық татар-казак және 471 өзге қалалық татарлар өмір сүрген.
1897 жылғы caнaқ мәлiмeтi бoйыншa Opaл қaлacындa 3461 тaтaр ұлт
өкiлдeрi тұрғaн. Тaтap тaрихын зeрттeушi oтaндacтaрымыз Г.Т. Хaйруллин
мeн А.Т. Хамидуллиннiң ғылыми зeрттeулeрiндe ХІХ ғaсырдың aяғындa
Oрaл қaлaсындaғы 36 мың хaлқының iшiндe тaтaрлaр сaн жaғынaн
тoғызыншы oрындa бoлғaндығын aтaп өтeдi [13, 61 б.].
1900 жылы 1 қаңтарда Орал казактарының әскерінің аумағында 166360
адам өмір сүрген. Оның 146146 христиан, 19231 мұсылман
(Н.А.Бородиновтың айтуынша олардың барлығы татарлар), 19 еврей және
964 қалмақ тілдестер болған [14, 262 б.]
Ойымды қорытындылай келе, XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде
Батыс Қазақстан территориясында тұрып жатқан татар ұлт өкілдері елдің
саяси өрлеуіне, экономикалық және мәдени дамуына бірден-бір ықпалын
тигізді.
Қазақстандағы татарлар көпұлтты Қазақстан халқының құрамдас бөлігі
екенін, тарихымызда өзіндік орны бар туыстас халық екендігін, олардың
халықтар достығын нығайтатын және Қазақстан Республикасының дамуына
ықпал ететін халық екендігін айтқым келеді.
Әдебиеттер:
1. Абузяров Р.А. История Евразийского центра Габдуллы Тукая. –
Уральск, 2011. – 209 с.
2. Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках. – Алма-Ата:
Издательство Национальной Академии Казахсткой ССР, 1961. – 744 с.
3. Рычков П.И. Топография Оренбургская, то есть обстоятельное
описание Оренбургской губернии. – СПб, 1866. – 405 с.
407