БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 40

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. өзгелермен салыстырғанда ғана ол өзiн-өзi таниды. Осы орайда адамгершiлiк тәрбиесiнiң ойдағыдай табысты болуы жеке тұлғаның өзiн рухани дамыту мақсатында үздiксiз өзiн-өзi жетiлдiруiне байланысты. Бастауыш сынып оқушысының ұлттық құндылық бағдарының мазмұнын анықтайтын баланың дүниетанымы мен сенімдері, адамгершілік ұстанымдары мен мінез-құлқы оның жасына сәйкес әлеуметтік тәжірибесіне, өзіндік санасы мен сезімдік толғаныстарына негізделеді. Өйткені, ұлттық құндылық бағдар тұлғаның ішкі құрылымының маңызды бөлшегі бола отырып, баланың физиологиялық, психологиялық- педагогикалық ерекшеліктерін есепке алуды қажет етеді. Бастауыш саты – оқушылардың бойында құндылық бағдарын қалыптастырудың ең тиімді кезеңі болып есептеледі. Ұрпақ бойына адамгершiлiктiң iзгi қасиеттерiн үйрете бiлу, бала жүрегiнiң бағбаны – ұстаздың қолынан келедi. Түрлi өмiр жағдаяттарын әр қилы пайдалана отырып, мұғалім оқушының өмірлік құндылықтарын еркiн жаттықтырады, оның ой-өрiсiн кеңейтедi және мiнез-құлықтарын байытады. Мұғалiм оқушыны күрделi қажеттiлiктерге тәрбиелейдi: бастаған iсiн аяғына жеткiзу, оның орындалуына жауапкершiлiкпен қарауды, тәртiптiлiкке және ұйымшылдыққа әдеттендiредi. Нағыз адамның өзі де танымы кең, рухы берік бола алмайды. Өйткені алып жүру оңай емес, оның жолы да ұзақ. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды калыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік, өз ұлтын сүю сияқты құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен мұғалімдер шешуші рөл атқарады. Тәрбиедегi басты мәселе оқушылардың тұлғааралық қатынасын дамыту, яғни өз құрбы- құрдастарымен, отбасы мүшелерiмен қарым-қатынас орната бiлуi, ол үшiн өзге адамдарды түсiнуi, қабылдауы, әр адамның құндылықтарын және даралық ерекшелiктердi жасына, ұлтына қарамастан саналы түрде түсiне бiлуi және өзiне-өзi сырт көзбен қарап, өзiнiң көңiл-күйiне байланысты iс- әрекетiнiң себебiн түсiнiп, iстеген iсiнiң нәтижесiне өзiндiк баға бере бiлуге үйрету. Бастауыш білім берудің жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламаларында құндылыққа бағытталған ұстаным оқушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықтарға бағытталу – ол тұлғаның өз әрекетінде жекелеген құндылықтарды таңдап алу (құндылықтарда бағдарлану қабілеттілігі), қасиеті және оларды өзінің әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну, қабылдау қабілеттілігі. Құндылықтарды жүзеге асыру дегеніміз құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні қоғамда сәтті әрекет ету үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, жүріс-тұрысты қалыптастыруда көрініс табады. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары орта білім беру құндылықтарының негізі болып табылады. Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және өмір бойы оқып- үйрену орта білім берудің құндылықтары ретінде белгіленеді. 39