БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 39

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi – адамдық, ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, «Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, – өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық – қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол». Ақылды, мейiрiмдi адам кез келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам – ардақты. Адамгершiлiгi мол адам – басқаларға қашан да үлгi-өнеге. Құндылықтар уақыт бойы өзгереді. Түйінді құндылықтар біздің өмір, өзіміз және бізді қоршаған адамдар, жалпы адамдардың әлеуеті туралы көзқарасымыздың қалыптасуына негіз болады. Сондай-ақ құндылықтар дегеніміз біздің сенетін дүниеміз, олар біздің қоршаған ортаға деген қарым- қатынасымызды және мінез-құлқымызды анықтайды. Адамгершілік адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты ізгілік ұстанымдарын бейнелейтін моральдық қасиет. Мұнда адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттер қамтылған. Адамгершiлiк құндылықтар – бiр халықтың, этностың, мәдениетiнiң өзегi, жеке iшкi мәдениеттiң iргетасы. Рухани-адамгершiлiк құндылықтарды қалыптастыруда маңызды тәрбиелік мiндеттер: біріншіден, рухани- адамгершілік, руханилық, әсемдік, ақиқат, ізгілік, еркіндік, рахымшылдық, кешірімділік, тәуелсіздік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтардың өмірге еркін ене бастауы; екіншіден, жалпы адамзаттық құндылықтармен қатар, ұлттың өз мәдениетін меңгере отырып, әлемдік рухани ынтымақтастық рухта басқа ұлттармен бейбітшілікті сақтау; үшіншіден, оқушылардың белсендi өмiрлiк позициясын, жан дүниесін адами құндылықтар арқылы рухани- адамгершілік пен руханилықты берік орнықтыру. Ал, жалпы адамзаттық құндылық – барша адамдарға, әлеуметтік жүйе ретіндегі бүкіл адамзатқа ортақ, дүниежүзі халықтарының ғасырлар бойғы тәжірибесін қорыту нәтижесінде тұжырымдалған, қазіргі заманғы өркениеттің дамуын анықтайтын мұраттар. Адамгершiлiкке негiзделген тәрбие қарым-қатынастың қарапайым түрi – ұжымдық өмiрдiң талаптарымен, ерекшелiктерiмен танысу арқылы жүзеге асырылады. Балаларды бағалау көрсеткiшi әрбiр оқушының оқудағы табыстары және оның мiнез-құлқының негiзгi қырларынан көрiнедi. Оқушыларды адамгершiлiк құндылыққа тәрбиелеуде қарым-қатынастың да рөлi зор. Олардың қарым-қатынастарында бiрте-бiрте өзара көмек, бүкiл топқа тапсырылған қоғамдық жұмыстың орындалуына бiрдей жауапкершiлiк сезiмi, бүкiл топтың жұмысын басқару кiмге тапсырылса, соған бағына бiлу, топқа жетекшiлiк мiндетiн мойнына алып, жалпыға тән ережелер мен тәртiпке қатаң мойын ұсына отырып, атқара бiлуi қалыптасты. Бiрлескен iс- әрекеттiң барысында балалар бiр-бiрiн жақынырақ, тереңiрек таниды. Ал, оқушылардың белсендi iс-әрекетiнде бiлiмдi, iзденiмпаз педагог балалар жiгерiнiң көзiн ашып, әрбiр оқушының шығармашылық күшiн, қабiлеттерiн шешуге бағыттайтын мүмкiндiк табады. Адамгершiлiктiң ең жоғары рухани қажеттiлiгiнiң бастау көзi – өзiн-өзi көрсету, өзiн-өзi жетiлдiру, өзiн-өзi дамыту, қарым-қатынаста, дүниетанымда өзiнiң шығармашылық қабiлетiн таныту болып табылады. Оқушыларды адамгершiлiкке тәрбиелеудiң шарттарының бiрi – мектеп жасында жеке тұлғаның өздiгiнен даму заңдылықтарын бiлу болып табылады. Адамның өзiндiк сана-сезiмiнiң көрiнiсi туралы басқа адамға үңiлiп көз тоқтатып, өзiн 38