БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 38

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Заттық құндылық – оның табиғи қажеттiлiгi, еңбектен шыққан өнiмнiң құны, әлеуметтiк игiлiк, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттық, теориялық маңызы, iс-тәжiрибелiк пайдасы, адамдардың тiршiлiгiндегi жақсылық пен жамандықтар, табиғи және қоғамдық нысандардың тамаша көрiнiс беретiн түсi, симметриясы сияқты қасиеттерiн айтамыз. Санадағы құндылық алға қойылған мақсат және оған жетудiң жолдары, қоғамда кездесетiн түрлi қалыптар. Заттық құндылық баға берудiң объектiсi және адамның дүниеге қатысын бiлдiредi, ал субъективтiк – санадағы құндылық олардың өлшемi мен әдiсi болып табылады. «Заттық құндылық – адамдардың қабiлетi мен мүмкiндiктерiнен шыққан әрекеттердiң қажеттiлiгi. Сондықтан ол адамдардың әлеуметтiк әрекеттерiнiң сыртқы қоғам үшiн керектi жақтарын қамтиды. Субъективтiк құндылық адамдардың әлеуметтiк өмiрiндегi iс-әрекетiнiң бағытын нормативтiк формаларға бағындырып отырады» делiнген [4]. Құндылықтар сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Құндылықтар тек объективті, яғни шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, сол болса да, субъективті, өйткені ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлғы құндылықты игереді де, іс-әрекет етеді. А.Г. Здравомыслов, В.П. Тугаринов сынды философтар құндылықты белгілі бір құбылыстың немесе заттың нақты бір адамға не қоғамға маңыздылығы, мәнділігі түріндегі категория ретінде қарастырады. Мәселен, В.П. Тугаринов құндылық ұғымына мынадай анықтама береді: «Құндылық – адамдардың қажеттіліктері мен мақсаты, қызығушылығы жағынан алып қарағандағы пайдалы, қажетті және жағымды деп есептелінетін құбылыстар немесе құбылыстардың қасиеті». Олар құндылықтардың төмендегідей топтарын бөліп көрсетеді: 1) өмірдің құндылықтары: өмір, денсаулық, отбасы, өмірдегі қуаныш, адамдармен қарым-қатынас т.б. 2) материалдық құндылықтар: баспана, тамақ, киім, техника т.б. 3) әлеуметтік-саяси құндылықтар: қоғамдық тәртіп, қоршаған әлем, бостандық, қауіпсіздік т.б. 4) рухани құндылықтар: білім, ғылым, өнер [8]. Ал Отандық философ Т.Қ. Ғабитов [9, 291 б.] «құндылықтар – қасиеттер» дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Ол құндылық қатынас әрқашан да субъектінің бойында белгілі бір эмоцияларды – қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т.б. туғызатындығын айта келе, мынадай құндылықтарды анықтайды: адам өмірі, еркіндік, адамгершілік, отбасы, қарым-қатынас, жеке бақыт, ұрпақ көбейту, күнкөріс көзі және әрекет мәні ретіндегі жұмыс, игілік, беделділік, заңдылық, мейірімділік, тәуелсіздік. Құндылықтар өмір сүріп қана қоймайды, сонымен қатар бір-бірімен салыстырыла отырып, өзіндік құндылықтық қатарды, құндылықтық сатыны құрайтындығын айтады. 37