БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 399
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
кесуші А.Жақсыбаева т.б., күндік тапсырмаларды 180-235 пайызға артық
орындады. Еңбек өнімділігінің артуы балық өнеркәсібінде стахановшылдық
қозғалыстың кеңінен өрістеуіне алып келіп, уақыт өткен сайын олардың саны
арта түскен, мәселен, 1941 жылы 495 адам болса, 1945 жылы олардың саны
1759 адамға жеткен.Барлық балықшы ұшымшарлар 1941-1945 жылдардағы өз
жоспарларын ойдағыдай аяқтады. Жайық-Каспий бассейнінің балықшылары
мемлекетке 3 миллионға жуық центнер ысталған, кептірілген,дегдітілген
және тоңазытылған балық өнімдерін, бекіре тұқымдас балықтардың
уылдырығын, құтыларын, итбалық майын басқа да балық өнімдерін берді [13,
с. 96-98].Ұлы Отан соғысының отты жылдарында қарапайым еңбек
адамдарының қажырлы еңбегінің арқасында, майданға күндіз-түні балық
өнімдері жөнелтіп, жеңіс сағатын жақындатуға облыс балықшылары
өздерінің сүбелі үлесін қосты.
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Кеңес халқы өзінің барлық күшін
социалистік халық шаруашылығын қалпына келтіріп, одан әрі дамытуға
жұмсады. Кеңес мемлекетінің аса маңызды міндеті еліміздің экономикасын
соғыс жолынан бейбіт құрылысқа көшіру болды. Шайқы Әбішұлы 1945-1946
жылдары Гурьев облысы Бақсай моторлы-балық аулау станциясының
директоры, 1946-1948 жылдары Балқаш балық тресін басқарады. Өзінің мол
тәжірибесін мұнда да көрсете білді. Әйтсе де, соғыс жылдары тынымсыз
еңбек етіп, талай ұйқысыз түнді, күлкісіз күнді өткізу денсаулығына да әсер
етіпті. Сөйтіп, 1948 жылғы 21 қаңтарда Гурьевке оралып, аң-балық тресінің
директорлығына тағайындалады. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін де,
Жайық-Каспий балықшылары халық шаруашылығын қалпына келтіруде зор
табыстарға ие болып, өнім мөлшерін жылдан-жылға арттыра түсті. Мәселен,
олар 1945 жылы Отанға 533 мың центер, 1947 жылы 606 мың центер, 1948
жылы 641 мың центер, ал 1949 жылы 703 центнер балық аулап мемлекетке
өткізді. Қаншама ел, жер байлығы Кеңестер заманында Орталықтың үлесіне
тиіп, жергілікті халықтардың өз байлығын пайдаланудан шет қалғанын сол
кездегі көзі ашық, көкірегі ояу, талапшыл ұлтжанды Шайқы ағамыз жақсы
түсінді. Дегенмен соғыстан кейінгі жылдарда Кеңес Одағында балық
шаруашылығы дамуының жалпы өнеркәсіптің өсу қарқынынан тым артта
қалуы байқалды.Бұл жағдай бүкіл халық шаруашылығының өрге басуына
тежеу болды.Балық шаруашылығының дағдарысты жағдайы бірнеше
себептерге байланысты еді.Қаражаттың аз бөлінуі,материалдық-техникалық
жағынан
жабдықталуының
жеткіліксіздігі,жалпы
алғанда
балық
шаруашылығының ауыр өнеркәсіпке тәуелді, қосалқы сала ретінде
қарастырылуы анықталды. Оған қоса балық шаруашылығы өндірісін
жоспарлаудың шамадан тыс орталықтандырылуы, ұжымшарларды,, комбинат
пен зауыттар қызметкерлерінің өз еңбегінің нәтижелеріне материалдық
ынталығы принципіне теріс әсер етті.Баға белгілеуде де кемшіліктерге жол
берілді, балық шаруашылығының өнімдерін сатып алу және дайындау бағасы
төмен болды. «Баға сәйкессіздігі» ұжымшарлардағы халықтың әл-ауқатының
нашарлауына жол ашты, әкімшілік-тоталитарлық жүйенің зардаптары көбіне-
көп балық шаруашылығына кері әсер етті. Кеңестік дәуірде қабылданған іс-
шаралар балық шаруашылығында қалыптасқан жағдайды түбірінен өзгерте
алмағаны белгілі. Себебі нарықтық қатынастар заңдылықтарына
негізделмеген бағдарламалардың нәтижелері де тым мардымсыз болды.Бірақ
та, балық өнеркәсібінен түскен пайда Республикамыздың экономикасының
398