БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 398
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Каспий бассейнінде Астрахан қаласында флотилия құрылды. Соғыстың
сұрапыл жылдарында кейіпкеріміз балық өндірісінің ең қауырыт
орындарында 1941-1943 жылдары Гурьев моторлы балық аулау
станциясының директоры қызметіне жіберілді. Әскери уақытқа байланысты
кәсіпшіліктің жұмысын қайта құрды.1943-1945 жылдары «Каспий аң-балық
тресінің басқарушысы болып, қызмет атқарып, балық өнімдерін майданға
жіберуде жан аямай ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Соғыс жылдары Каспий
теңізі төрінде балық аулауды ұйымдастыру осы азаматқа тапсырылды. Сол
кезде облыстың балық өнеркәсібінде Гурьев балық-құты комбинаты, Баутино
және Шортанбай мен Жайық-Каспий зауыттары, мемлекеттік балық аулау
базасы болды. Бұған Маңғышлақтағы Каспий аң-балық тресін, сегіз жүзбелі
балық зауытын, моторлы-балық стансаларын, 63 балықшы ұжымшарларын
қосыңыз.Осыншама жанды жұдырықтай жұмылдырып, майдан үшін тер
төккізу – оңай шаруа емес.Бірақ-та осы саланы қиын-қыстау кезеңде
ұйымдастыру үшін алдыңғы буын ағалардың ішінде Шайқы да өзінің
тәжірибесімен көзге түсіп, біліктілігін сарқа жұмсай білді. 1942 жылы тамыз
айында Гурьев қалалық партия комитеті нақты тапсырма берді. Жайық-
Каспий бассейні майдан мен тылды жоғары сапалы балық өнімдерімен қанша
керек болса, сонша қамтамасыз етуі тиіс болған [11, 46 п.] Гурьев облысында
жылына 463 мың центнер балық аулауға мүмкіндігі бар, екі трест Жайық-
Каспий (Гурьев қаласы) және Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының
аң-балық тресі (Форт-Шевченко) жұмыс жасап тұрды. Аталған тресттердің
құрамындағы балық зауыттары, екі қуатты мұздатқыш зауыты, біруақытта
200 мың тоннадан астам сапалы балықты сақтау мүмкіншілігі болған.
Қазақстанның Батыс өңірінде Каспий теңізінің балық кәсіпшілік ауданына
негізінен Жайық-Каспий және Маңғышлақ аумағы жатады. КСРО Каспий
теңізінің жағалауларының ұзындығы жалпы 5390 шақырымды, соның ішінде
Батыс Қазақстанның теңіз жағалауындағы үлесі 33,4 пайызды қамтып, 1800
шақырым аумақты алып жатты [12, 71 б.]. Каспий теңізінің кеңестігінде
үлкен аумақта алып жатқан Жайық-Каспий бөлігі мен Маңғышлақтың өзіндік
ерекшелігі болды. Аталған өлкенің физико-географиялық жағдайы,
ихтиофауна құрамы, кәсіптік балық аулау жағдайымен ерекшеленді. Каспий
теңізінің Солтүстік бөлігі Еділ мен Жайық өзенінің суының мөлшеріне
байланысты тұщы судың келуі жемдік фауна мен балықтардың өсіп-өнуіне,
молаюына жағдай туғызды. Осындай ерекшеліктерді біле білген Шайқы
ағамыз астамшылыққа жол бермей ашкөздік танытпай, нағыз отаншылдық
пиғылда жұмыс жасаған өз ісінің хас шебері еді. Соғыс жылдарында
қарқынды жұмыс жасау үшін инфрақұрылым жасақталып, порттардың
ауқымы кеңейтіліп, тылдағы балық аулау деңгейін арттыруда өзіндік
іскерлігімен көріне білді. Соғыстың қаурыт шағында көптеген өндіріс
орындары мен түрлі ұлт өкілдері эвакуацияға ұшырап, өлкемізге көшіріліп
орналастырылды. Балық кәсіпшіліктеріндегі көптеген жұмыстар әйелдер
күшімен атқарылды. Соғыс жағдайына сай қайта құрылған еліміздің балық
кәсіпшілігіне қарасты мекемелер жемісті еңбек етті. Жайық-Каспий трест
басқармасында балық аулау бойынша еңбек өнімділігі артып, 1940 жылы бір
балықшыға шаққанда 45 центнерден, 1945 жылы 90 центнерге жетті.
Алдыңғы қатарлы жұмысшылар мен ұжымшаршылар жоғары көрсеткіштерге
жетті. Мәселен, «Ново-Лицевой» балық зауытының тартым меңгерушісі
С.Қисықбасов, құты зауыты жұмысшылары Б.Құбиева,Т.Балағаева, балық
397