БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 397
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
алып теңіз кеңестігінде жан-жаққа тарыдай шашылып жатты.Бұларды іздеуге
шыққан бригадалар өздерінің өндірістік базаларынан қашықтап,, қиын
жағдайға тап болды. Міне, осы кезде облыс мекемелері итбалық аулаушылар
мен балықшыларды құтқаруға күшті желдің әсерінен су бетінде қалқып
жүрген сеңге мұз жарғыш кемелерді жіберді, яғни «Каспий», кемелер
«Полярник», «Медвежонок», «Чкалов», «Астрахан», транспорттық кеме «На
вахте» және бес самолет адамдарды іздеуге атсалысты [8, 174-175 б.].
Жанқиярлық ерліктің арқасында барлық итбалық аулаушылар, балықшылар,
сол сияқты итбалық тиелген жүк арбалары құтқарылды. Бұл үстің басында
құтқару жұмыстарымен КСРО тамақ өнеркәсібінің комиссары А.Микоян
және Қазақстан Халық Комиссарлар кеңесінің төрағасы О.Исаев, Ш.Әбішев
басшылық жасап, қалың жұртшылық осы төтенше оқиға өз күштерін аямай,
бірлесе қызмет атқарудың нәтижесінде сәтті аяқталды [9, 19 б.]. 1938 жылы
24 маусымда тұңғыш шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
депутаттығына Ш.Әбішевтің сайлануы оның іскерлігінің арқасы деуге
болады. Жалпы, Ұлы Отан соғысына дейін балық аулау мен өндіру саласында
Қазақ балық тресінің рөлі ерекше болды. Трест шаруашылықты басқару,
қарамағындағы өндірістердің жұмыстарын жоспарлау есебін тыңдау, құрал-
жабдықтармен жабдықтау, қадағалау қызметтерімен айналысты. Соғысқа
дейін балық өнеркәсібі Қазақстандағы тамақ өнеркәсібінің жетекші саласына
айналып, ірі өндірістік кешенді құрады. Балық шаруашылығы саласына
мамандар дайындау ісі қолға алынып, арнайы оқу орындары ашылып,
алғашқы түлектері балық аулау және өңдеу кәсіпшіліктерінің мамандары
қатарын толықтырды. Аталған саланың дамуы нәтижесінде 1939 жылы
шаруашылық
ұйымдарын
орталықтандыру
мақсатында
одақтық-
республикалық маңызы болған Қазақ КСР-ның балық өнеркәсібінің халық
комиссариаты құрылды. Шайқы Әбішев республика Орталық Компартия
мүшелігіне сайланып, еліміздің тұңғыш Балық өнеркәсібі халық комиссары
болып тағайындалады. Бұл – бүгінше айтқанда, министрдің лауазымы. Осы
тұста Каспий жағалауындағы балық өнеркәсібінің мекемелері мен
ұжымшарлары КСРО балық өнеркәсібінің Халық Комиссариатына, ал
Атыраудан басқа аймақтар Арал,Балқаш, Зайсан, Алакөл, т.б. ішкі су өзендері
мен көлдері Қазақстан балық өнеркәсібінің халық комиссариатына
бағындырылған. Жалпы Қазақ балық өнеркәсібі қарқынды дамып,
шаруашылық-экономикалық көрсеткіштері өсіп,адамдардың тәжірибесі
молайып, балық аулау мен балық өнімдерін өңдеудің технологиясы артты.
Алайда алда тұрған міндеттерді орындалуына көп ұзамай басталған Ұлы
Отан соғысы кедергі жасады. Бұл қызметті Шайқы 1941 жылдың тамызына
дейін абыройлы атқарған, Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында
халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде Каспий, Арал, Балқаш
балықшыларын бронь арқылы әскерден алып қалды.
Ендігі шаруа
кәсіпшілікті дұрыс ұйымдастыра білу. Осындай әрекеттердің арқасында
балықшылар аптап ыстықтар мен ызғарлы суықтарға қарамастан, қысы-жазы
балық аулауға, оны ұқсатуға, майдан шебіне жіберу жұмыстарына
жұмылдырылды. КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен БКП (б) Орталық
Комитеті 1941 жылы 6 қарашада қаулы алып, «КСРО балық өнеркәсібі халық
комиссариатына қарасты Азов-Черноморск» және «Каспий», Қиыр Шығыс
және «Солтүстік бассейндегі флоттар әскери жағдайда болуы керек»
екендігін қаперге берді [10, 61 п.].
396