БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 396

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. жалпы білім деңгейіне, өндірістің бағытына, құрылымына және еңбекті ұйымдастыру жүйесіне байланысты болды. 1930 жылы Астрахан балық шаруашылық институтына Гурьев округінен қазақ жастары сапынан он адам оқуға жіберілді. Осы жылдары балық кәсіпшіліктерінің мекені Гурьев, Форт- Александровскіде арнаулы курстар ұйымдастырылды. Бұл жерде кәсіпшілікке қажетті мотористер, балық аулау ісінің бригадирлерін, кеме жүргізушілерін, шеберлерді, т.б. жұмысшы мамандарды даярлады. Осы курстарды қысқа уақыттың ішінде 628 адам, 1936 жылы Гурьев балық-құты комбинаты жанындағы арнаулы курсты 45 ұжымшар төрағалары, 60 бригадирлер, 30 бухгалтерлер және 40-тан астам қызметкерлер өз біліктілігін арттырды [4, с. 136]. Әйтсе де, 1931 жылдың қыркүйегінде Гурьев аудандық балық одағы басқармасының 46 мүшесінің тек біреуі ғана жоғары білімді, бесеуінің арнаулы орта білімі болды [5, 7 п.] Міне, осындай жетіспеушілікке қарамастан балықшы ұжымшарлары еңбек өнімділігін арттырып, балық аулауда елеулі табыстарға жетті. Кәсіби ұлттық мамандар өсіп шықпайынша алдағы межелерді орындау мүмкін емес еді. Нақты нәтижелерге жетуге біліктілікті арттыру үшін ашылған курстардың рөлі ерекше болды. Бірақ та кәсіби басшы қызметкерлер жетіспеушілігі анықталды. Шайқы Әбішев білімінің әлі таяз екендігін сезеді. Сөйтіп, 1935-1936 жылдары Мәскеуде балық өнеркәсібі мамандарын даярлайтын жоғары курста оқиды. Оны ойдағыдай тәмамдаған соң қызметін Қазақ балық тресінде жалғастырады. Кеңестік Қазақстандағы балық өндірісінде қалыптасқан жағдайларға сай, қайта құрулар жүргізіліп, 1935 жылы 25 қарашада КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің №2157 қаулысына сай Каспий теңізінен Сарайшық селосына дейінгі Жайық өзенінің жағалаулары одақтық маңыздағы су айдындары, ал Сарайшық селосынан Орал қаласына дейінгі өзен сағалары екінші кезектегі су айдындары деп бөлініп, КСРО балық өнеркәсібі «Главрыбвода» мекемесінің құзырына қарады [6, 17 п.]. 1936 жылы 3 маусымда Батыс Қазақстан облысының конференция шешімімен Орал өңіріндегі балық кәсіпшілігі іріленіп балық зауытына айналды. Оның құрамына Шалқар, Ілбішін, Тайпақ, Көшім балық зауыттары енгізілді. Орал балық зауыты Халық комиссариатының жергілікті өнеркәсібінің балық бөліміне бағынды. Жоғарыда аталған кәсіпшіліктер сол кезеңде батыс өлкенің балық шаруашылығының дамуына өзіндік үлестерін қосты [7, 116-121 п.]. Қазақ балық тресінде қызмет атқара жүріп өзінң бай тәжірбиесін пайдалана отыра, республикадағы су айдындарының хал- ахуалын терең меңгеріп, бұл жұмыстың ілгері адымдап дамуына өзінің шебер ұйымдастырушылық қабілетін таныта білді. Шайқы ағамыз, балықшылырдың еңбегінің өте қауіпті болатындығын, олар қыста мұз жастанып, қар төсеніп, теңізден балық аулауда жүретіндігін білетін мамандардың бірі. Әрбір балықшы алдында не күтіп түрғанын білмеді.Мына бір мысалға назар аударалық: 1938 жылдың 15-16 ақпаны еді,солтүстік- батыстан соққан қатты жел Солтүстік Каспийдегі мұзды жарып жіберді, мұз қалыңдығы 20-22 см еді, желдің күштілігінен мұздар ырықсыз,жөнсіз қозғалысқа түсті. Осы кезде Теңіз ауданының 434 итбалық аулаушылары көптеген құрал-жабдықтарымен, арбаларымен мұз үстінде еді. Сол сияқты 200-ден астам Теңіз және Бақсай ауданының балықшылары да теңізде болатын. Жалпы алғанда теңізде 650 адам жіне 550 жылқылар болды. Адамдар мен транспорт күрделі жағдайда қалып, азғана шағын топтармен 395