БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 395

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. қалатыны белгілі.Кеңестік кезде мол байлығымыз орталыққа жөнелтіліп, мемлекет қазынасына ұшан-теңіз пайда әкелген.Бірақ,одан балықшылардың тірлігі түзеліп,жағдайы жақсарған жоқ. Әйтсе де,осы өңірде балық шаруашылығының майталман мамандары жетілді.Солардың бірі-қатардағы жұмысшыдан еліміздің тұңғыш балық өнеркәсібі министрі дәрежесіне жеткен Шайқы Әбішев. Аяулы азаматтың өз қолымен жазған өмірбаяндық деректері республиканың орталық мұрағатында сақталған [1, 1-15 п.]. Сол құжатқа сүйенсек, Шайқы Әбішұлы 1894 жылғы желтоқсанда бұрынғы Гурьев облысының Теңіз ауданындағы Морской елді мекенінде кедей шаруа отбасында өмірге келген. Әкесі Әбіш Астрахан жағында жұмыс жасаған. Шайқы да әкесімен бірге 1913-1919 жылдары балық аулау кәсіпшілігінде істейді. Содан шеберлігімен көзге түсіп, 1919-1926 жылдары Еділ-Каспий мемлекеттік балық тресінде балық аулауды ұйымдастырушы, бригадир лауазымындарын атқарған. Ол кезде бұл саланың мамандары жоқтың қасы еді.Әсіресе, ауыл қазақтары оған әлі бой үйрете қоймаған. Содан Шайқы 1927 жылы балық кооперативінің төрағалығына көтеріледі.Соның алдында Астраханда балық өндірісінің орта буын мамандарын даярлайтын қысқа курстан өткенді. Сол білімі ескеріліп, 1929-1930 жылдары «Төңкеріс» балық ұжымшарының басқарма мүшесі (Гурьев округі Теңіз ауданы), 1930-1931 жылдары Астрахан №11 балық зауыты директорының көмекшісі, Еділ- Каспий мемлекеттік балық тресінің Каменск балық зауытының директорының көмекшісі, келесі жылдары балық қабылдау бөлімінің меңгерушісі, жүзбелі зауыт директорының орынбасары, кейін директоры болады. Сонау 1931 жылы науқандық жұмыстарды шебер ұйымдастырғаны үшін КСРО Халық Комиссарлары төрағасы А.Микояннан аты жазылған қолсағат алады. 1932-1938 жылдары Жайық-Каспий мемлекеттік балық тресінің №7 балық зауытының директоры, 1938-1939 жылдары «Каспий аң- балық тресі» басқарушысының орынбасары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі бесжылдықтарда Жайық-Каспий бассейнінде балық кәсіпшілігі жеке өндіріс саласы ретінде қалыптасты. Саланың дамуына орай, 1931 жылдың 15 қыркүйегінде Жайық-Каспий мемлекеттік балық өндірістік тресі құрылды. Трест Каспийдің қазақстандық жағалауындағы және Жайық бойындағы балық аулау,өндіру және өңдеу салаларын біріктірді. Мемлекеттік мекемелер және балық аулау ұжымшарлары қажетті балық аулау құралдарымен, моторлы флотпен,т.б. жабдықтармен қамтамасыз етілді [2, 26 п.] Партия, Кеңес және шаруашылық ұйымдары балық аулау ұжымшарларын нығайтуға, ірілендіруге қол жеткізді. Балық өнеркәсібіне қажетті мамандар тапшылығын ескере отыра, кеңес үкімет орындары шаруашылыққа кәсіби мамандарды дайындау ісін назарында ұстады. Өйткені, халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында экономикамыздың маңызды саласы балық өнеркәсібі болған. 1930 жылы елімізде тұңғыш рет Москва қаласында жоғары білімді кәсіби мамандар дайындайтын балық шаруашылығы институты ашылды, 1932 жылы Астрахан және Владивосток қалаларына жоғары оқу орындары өз түлектеріне есіктерін ашты.Сол жылдары балық өндірісіне қатысты арнаулы орта кәсіптік білім беретін он бір техникум, отыз бір жұмысшы факультеттері мен жиырма бір фабрика-зауыт жанындағы мектептер мамандар дайындады [3, 117-123 б.]. Мамандарды даярлау түрлері мен әдістері әртүрлі болды, яғни 394