БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 394

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Ключевые слова: Казахское ханство, Россия, Шергазы, традицинная власть, дипломатия *** Muktar A.K., Zhusupov R.B. RELATIONS BETWEEN THE KHAN OF THE YOUNGEST ZHUZ SERGAZY AISHUAKULY AND RUSSIA The article is devoted to the analysis of the diplomatic services of the Youngest Zhuz under the leadership of of Shergazi Aishuakuly. He headed the Youngest Zhuz in the first quarter of the XIX century, during the socio-economic, political crisis in the country. During this period, Russia fully implemented its policy, subjecting the Khan's power to the crisis, and began its violent liquidation. Sergazy made every efforts to save the Khan's power. It is evidenced by the diplomatic services of the Khan. The article was completed within the framework of the project №AR05134572 of the Ministry of education and science of the Republic of Kazakhstan. Keywords: Kazakh khanate, Russia, Cherkasy, traditional power, diplomacy. ______________________________________________________ ӘОЖ 639.21.6 Нығметов Б.С. – тарих ғылымдарының кандидаты, Атырау мұнай және газ университеті E-mail: nigmet.bs@mail.ru БАЛЫҚ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ТҰҢҒЫШ ХАЛЫҚ КОМИССАРЫ Аңдатпа. Мақалада Қазақ балық өнеркәсібінің алғашқы Халық комиссары Шайқы Әбішевтің қызметі, атқарған елеулі істері баяндалады. Балық кәсіпшілігінің өркендеуіне қосқан үлесі және жетекші өнеркәсіпке айналдырудағы қажырлы еңбегі сарапталады. Сол кезеңдегі Қазақ балық өндірісінің даму барысы қарастырылады. Тірек сөздер: Балық өнеркәсібі, Қазақ балық тресі, Халық комиссариаты, Каспий аң-балық тресі, Жайық-Каспий бассейні, Теңіз ауданы. Каспий теңізі, оған құятын ірілі-ұсақты өзендер, осы өңірдің тіршілігі үшін ежелден маңызды рөл атқарған. Анау Еділ, мынау Жайық пен Жем бойларында отырықшылық пен балық кәсіпшілігін қатар үйлестіре пайдаланған ата-бабаларымыз үшін қаншалықты маңызды болғандығын уақыт дәлелдеді. Бүгінгі көзқараспен Каспий өңірінің Қазақстанның балық шаруашылығы дамуындағы алатын орнын сараптар болсақ, біздің аға ұрпақ алдындағы борышымыз айқын көрінеді. Өзен бойын жағалап, су маржанын сүзіп,отырықшылыққа үйренген. Каспий теңізі мен Жайық өзені еліміздегі бекіре тұқымдас, сондай-ақ сазан, көксерке, табан, майшабақ, қаракөз сияқты құнды балықтарға бай бассейн болып табылады. Қазір де дүние жүзі бойынша бекіре тұқымдас балықтардың 70-90 пайызы осы су бассейнінде ауланады. Міне, осыншама байлықты игерген қарапайым балықшылар еді. Иә, адам баласы өмірден өткен соң, соңында қалған ісі мен өнегесі оның бар ғұмырының мазмұнына айналары сөзсіз. Саналы ғұмырында атқарған қызметі мен лауазымы емес,ел жадында оның жүзеге асырған жарқын істері 393