БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 400
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
дамуына емес, керісінше Кеңестер мемлекетінің қорын молайтты. Еліміздің
батыс өңіріндегі балық өнеркәсібіне қарасты мекемелер ұжымшарлар, балық
комбинаттары бір орталықтан басқарылып, сол кезеңнен бастап тәуелсіздік
алғанға дейінгі кезеңде
Жайық-Каспий бассейніндегі балық қорлары
байлығы орталық еншісінде болды. Кеңестер өкіметінің экономикалық
саясатына сай, Каспий бассейніндегі балық өнеркәсібі басшылығы бір
орталыққа бағындырылып, Гурьев территориялық өндірістік балық
өнеркәсібі «Каспрыба» басқармасының құрамына берілгеннен кейін
республикадағы балық аулаудың өлшемі мен балық өнімдерінің өндірісі екі
есеге төмен түсті. Осындай жағдайларға куә болған, жан-тәнімен түсінген
кейіпкеріміз ХХ ғасырдың 50-жылдарында өзінің туған ауылына оралып,
ауыл әкімі қызметін атқарып, содан 1963 жылы зейнеткерлікке шығады.
Бұдан кейін де қоғамдық қызметтен қол үзбей, өзі туған Құрманғазы ауданы,
Кудряшево селосының өркендеуіне өзіндік үлесін қосты. Шайқы ағамыз 1968
жылы дүниеден өтті. Ерен еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Ол Ленин орденімен,
«Ерен еңбегі үшін» және басқа да медальдармен марапатталды. Қазақ Елінің
халық шаруашылығының іргелі саласы балық өнеркәсібінің қалыптасуына,
дамуына өзінің сүбелі үлесін қосқан аға буын бабаларымыздың алдыңғы
тобында Шайқы Әбішұлының есімі лайықпен аталады. Өйткені,
Қазақстанның батыс өңіріндегі балық шаруашылығы 1941 жылға дейін
біртұтас индустриялды кешенге және балық кәсіпшілігі өндіруші салаға,
тамақ өнеркәсібінің жетекші саласына айналуына ағамыздың сіңірген еңбегі
зор. Міне, өскелең ұрпаққа еліміздің экономикасының дамуына өз еңбектерін
аямаған алдыңғы буын ағаларымыздың өнегесі үлгі болардай.
Бүгінде елімізде балық өнеркәсібін дамытуға түбегейлі бетбұрыс
жасалуда.Кеңес дәуірі кезінде Қазақстанның соның ішінде Батыс Қазақстан
аймағындағы орналасқан балық кәсіпшіліктері посткеңестік елдермен тығыз
байланыс жасай отырып, қалыпты жұмыс жасағанымен, жаңа технологияның
жетістіктерімен толыққанды қамтамасыз етілмеді. Енді егемендік алып,
тәуелсіз мемлекет болып отырған кезде балық өндірісі тәуелсіз халықаралық
стандартқа сай келетін балық және балық өнімдерін шығаратын
интеграциялық үрдістерге өзіндік үлес қосатын балық кластерін
қалыптастыру уақыт талабы. Балықшылардың байырғы беделін көтеріп,
айбынын асыру жолында үкіметіміз жаңа жобалар жүзеге асырмақшы. Осы
орайда, байырғы ата-бабалардың байсалды қызметі, осы саланың майталман
мамандарының тәжірибелері ескерілсе құба-құп болар еді.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты (әрі
қарай ҚРОММ). 1571 қор, 3 тізбе, 7 іс.
2. Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты (әрі қарай АОММ) 2 қор, 6
тізбе, 106 іс.
3. Нығметов Б.С. Атырау өңіріндегі балық шаруашылығының қалыптасу
және даму тарихынан // Материалы XXVI Международной научной
конференции «Актуальные научные исследования в современном мире». –
Алматы, 2017.
4. Ужкенов В.С. Каспий-край рыбацкой славы. – Алма-Ата, 1987. – 183 с.
5. АОММ. 57 қор, 1 тізбе, 23 іс.
6. Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты (әрі қарай
БҚОММ). 683 қор, 1 тізбе, 43 іс.
399