БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 391

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. правительство...» [17, 92 п.]. Сондай-ақ хан Азия департаменті шенеуніктерінің тарапынан бірнеше ұсыныстардың орындалуын талап етеді. Сонын ішінде біріншіден, хан өзінің хандық билігін күшейту мақсатында ханға бағынышты қазақтармен орыс шенеуніктеріне оның рұқсатынсыз қарым-қатынас орнатпаулары керектігін көтереді. Екіншіден, қазақтардың Орал аймағындағы жерлерден шамамен 15 шақырымдай ығыстырылғандықтан, бұл аймақты қайтаруды талап етті. Үшіншіден, Елік өзенінің бойындағы жерлердің төңірегіндегі бекіністер жақын орналасқандықтан, оның төңірегіндегі аймақтарды қазақтарға қолдануға шектеу жасалмауы керектігін жеткізеді. Төртіншіден, Оралдың ішкі аймағына өту барысында және сыртқы аймаққа қайтар жолда шекаралық шенеуніктердің тарапынан көрсетілетін өз беттерінше жасалған іс- әрекеттеріне іс-шаралар қолдану керектіін айтқан. Бесіншіден, Тептяр полкінің басшысы майор Рычков жазықсыз, тіпті ешбір тонаушылық іс- әрекеттерге қатыспаған қазақтарға шабуыл жасап, 5 мыңға жуық қойды және 1 мыңнан астам жылқыны қуып әкеткендіктерін айта отырып, мұндай әрекеттердің қайталанбауын талап етті. Шерғазы ханның бұл талаптары толық ескеріліп орындалды. Тек Орал аймағындағы 15 шақырымдық жерлерді жазғы уақытта орыс әскерлері, ал қысқы уақытта қазақтар қолданады деген шешімге келеді. Сонымен қатар Елік өзенінің бойындағы жерлер орыс әскерлерінің иелігіндегі төрт түлікті қамтамасыз ету мақсатында қолданылып жатқандықтан оған түсіністікпен қарауды айтады [17, 93-96 п.]. Шерғазы Айшуақұлы 7 ай бойына Кіші жүзде болмай аман-есен 1820 жылдың 8 шілдесінде қайтып оралады. Осы сапарында Шерғазы хан Азия комитеті мен Ресей Сыртқы істер министрі К.В. Нессельродемен келісіміге келіп, П.К. Эссенге қарсы Орынбордағы жергілікті әкімшіліктен Шекаралық комиссия басшысы В.Ф.Тимковскийді пайдалана бастайды. Соңында Азия департаменті, Сыртқы істер министрлігі, Шекаралық комиссия - үшеуі бірігіп Арынғазыны 1821 жылы 9 шілдеде Орынбордан Петербургте арнайы кездесуге шақыртып, түйткіл мәселелерді талқылау керектігін ұсынады [2]. Бұл кезде орыс үкіметі көршілес жатқан мемлекеттердің ішкі саяси жүйесіне өз билігін орнықтыру және хандық билікті түбегейлі шектеу мақсатында түрлі деңгейдегі амал-тәсілдерді қолданады. Солардың бірі Шерғазы ханның билік құрған тұсында, оның Кіші жүздегі хандық билігін жою мақсатында «пристав» жүйесі жұмыс істеген болатын. Ол турасында зерттеуші Г.Б. Ізбасарова жан-жақты талдайды. Мәселен, 1820 жылдың 22 желтоқсан айында Шерғазы Айшуақұлының Кіші жүздегі хандық билігінің негізгі тірегі ретіндегі сылтаумен Орынбор губернаторы П.К. Эссен полковник А.З. Горихвостовты жібереді. Пристав орыс үкіметіне айына бір рет ханға қатысты күнделікті тіршілігінің әрбір қадамдарынан хабардар беруге тиіс болды [18, 22-23 б.]. Дегенмен де Шерғазы хан да Кіші жүздегі хандық билігін нығайту мақсатында Кіші жүз старшындары мен орыс үкіметіне бағынышты халықтардың арасындағы қалыптасқан мәселелерді шешуде қалыс қалған жоқ. Мәселен, 1822 жылдары Кіші жүздің тарханы Жоламан Тіленшіұлы бастаған белгілі старшындары мен орыс үкіметінің арасында күрделі мәселе туындаған. Кіші жүз сұлтандары орыс үкіметі башқұрттардың иелігіне тиісті тұтқындар мен жылқыларды қайтаруға тиісті болатын. Екі арадағы шиеліністің пайда болуын 1822 жылы 14 қарашада Кіші 390