БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 392
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
старшындары
Жоламан
Тіленшіұлы,
Құлмұхамбет
Жәнібекұлы,
Баймұхамбет, Тоғызбай, Көтібар, Түркібай Артықғали, Түктібай, Арал
Есенбай және т.б. полковник А.З. Горихвостовқа жазған хаттарында
Әбілқайыр хан мен императордың келісімдеріне сәйкес Орал өзендерінің
сахарасы Ордалықтардың пайдасына шешілгендігін айтқан. Сол себепті орыс
үкіметі Кіші жүз старшындарына ішкі аймаққа көшуге тыйым салмауы
керектігін өз хаттарында жеткізеді және жоғарғы тараптағы шенеуніктердің
әділдікті орнықтыратындарына зор үмітпен қарайтындықтарына сенім
білдірген. Сол мақсатпен 1822 жылы қыркүйек айында алдын ала Шерғазы
ханның тарапынан жіберілген 30 адамы бар Мыктыбай старшын арқылы
Ресейге тиесілі тұтқындар мен жылқыларды қайтарып берген [19, 45-48 п.].
Шерғазы ханның приставтарға сенімсіздікпен қарады. Ол оларға құзыреті
таралмайтын. Жағдайды ескере келе, хан олардың өзге халықтардың салт-
дәстүрін білмейтіндіктерін алға тартып, мүлдем таратып жіберуді талап
еткен [18, 23 б.].
1824 жылы П.К. Эссеннің бастамасымен Кіші жүз ел билеушілері
Орынборға шақыртылады. Жалпы бұл кездегі Ресей үкіметінің, яғни Сыртқы
істер министрлігінің жанындағы Азия істері жөніндегі комитеттің
тапсырмасымен П.К. Эссен Кіші жүзде хандықты жоюдың шараларын
ұйымдастырған болатын. Сол себепті «Орынбор қырғыздары туралы
жарғының» қабылдануымен хандық биліктің жойылуына байланысты
Шерғазы хан орнынан алынып, Орынбордағы жаңа мемлекеттік қызметке
тағайындалып, яғни «бірінші қатынасушы» (первоприсудствующий) деген
мемлекеттік қызметтік атақ беріледі. Кіші территориясы толықтай билік
жүргізген аға сұлтандар Шерғазы ханға бағынуы тиіс болды. Бұл кезде Кіші
жүз үш бөлікке бөлінді: шығыс, орта және батыс. Батыс бөлігін Қаратай
Нұралы, Орта бөлігін Темір Ералы және Шығыс бөлігін Жұма Құдайменді
аға сұлтандары басқаруға тағайындалады. 1824 жылы тамыз айында Орынбор
шекаралық комиссияның шешімімен Шерғазы ханға айына күміспен
есептегенде 150 сом еңбекақы және осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап
қосымша Орынбор қаласында тұрғын үйді жалға алғаны үшін 1500 сом Ресей
үкіметінің қазынасынан бөлінеді [20, 92, 98 п.].
Қорытынды. Шерғазы Айшуақұлы өзінің дипломатиялық қызметінің
барысында Әбілқайыр ханның кезіндегі императормен жасалған келісімді
ресейлік әкімшілік мекемелердің шенеуніктері мұқият сақтауын талап етті.
Сонын ішінде хандық билік Әбілқайыр ханның ұрпақтарына тиесілі болуы
және Еділ мен Жайық бойындағы жерлерге иелік етуді шектемеу және
орталықтандырылған хандық билікті күшейтудің жолдарын қарастыру.
Шерғазы ханның жоғарыда көтерген мәселелердің нәтижесі оңтайлы
болғанымен, орыс әкімшілігі хандық билікті әлсірету мақсатында жасалған
іс-әрекеттердің негізінде бодандықтың құрсауына түбейгейлі өткізуді
көздегендіктен, оның соңы Қазақ елінде ішкі саясатының тұрақсыздығы мен
алапат нәубетке соқтырғаны аян. Ал Шерғазы хан және оның ұлы Есғазы
хандық билікті сақтау жолында күрескен тұлғалардың қатарынан
екендіктеріне қолда бар мұрағат деректері дәлелдейді.
Әдебиеттер:
1. Архив құжаттары – тарих қазынасы. – https://aqparat.info/
Пайдаланған уақыты: 05.02.2019 ж.
391