БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 390
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Көп ұзамай Орынбор әкімшілігі мен Шерғазы хан арасында өзара
келіспеушіліктер басталады. Бұл саячатты П.Эссен ашық жүргізіп, ханды
орнына босатуға күш салады. Мәселен, 1819 жылы губернатор П.К. Эссен
388 қазақ азаматары білдірген өтінішті алға тарта отырып, Шерғазы ханның
ел басқарудағы саяси рөлінен еш пайда жоқтығы туралы мәселені
императордың алдында көтереді. Хан губернатордың дәрменсіз ретінде
императорға көрсеткен дәлелдемелеріне қарсы іс-әрекеттерге көшеді. Сол
себепті 1819 жылдың қыркүйек айында Шерғазы хан Сыртқы Істер
министрлігіне Орынбор әкімшілігі үстінен арыз түсірді. Хан арызында
«Менің халқым бір жерде тұрақтамай, үнемі көшіп жүреді» деп өзінің
дәрменсіздігін көшпенділік қағидасымен түсіндіруге тырысқан [14, 58-59 п.].
Шерғазы хан П.К. Эссенмен қалыптасқан екі арадағы мәселені шешу
мақсатында 1819 жылы қараша айында Санкт-Петербургке өзінің ұлы
Едігемен бірге аттанатындығы туралы Орынбор Шекаралық комиссия
басқармасына хат жолдайды. Оралдан Орынборға дейінгі арлықтағы іс-сапар
барысында Шерғазы ханмен ілесіп жүруге тиісті экипажды дайындау Орал
казак әскерінің атаманы майор Бородинге тапсырылады. Сондай-ақ бұл
елшіліктерді керек-жарақпен қамтамасыз ету мақсатында тәулігіне ханға 2
сом, төрт ұлының әрқайсысына 1 сомнан, 6 қызметшілерінің әрқайсысына 50
тиыннан ақша бөлу ұйғарылады. Осы жылдың 4 желтоқсанында Шерғазы хан
ұлы Едіге сұлтан, бауыры Тоқжан Айшуақұлы, жиені Мендияр Әбілғазыұлы
және 6 қызметшісі баратынын жеткізеді. Олар 1819 жылдың 25 қарашасы мен
3 желтоқсан аралығында Орынборда болады [15, 1 п.]. Елшіліктің Санкт-
Петербургке бағытталған іс-сапарын қамтамасыз ету мақсатында ханның
өзіне 5 сом, 3 сұлтанаға әрқайсысына 2 сом 50 тиын, 6 қызметшілерінің
әрқайсысына 1 сомнан күніне бөлу қарастырылған [15, 12 п.]. Жалпы
Шерғазы ханның Орал – Орынбор – Санкт-Петербургке дейінгі 40 күндік іс-
сапарына байланысты жұмсалған ақшаның көлемі 5217 сом 30 тиынды
құраған [15, 34 п.]. Л.Мейер өз еңбегінде Шерғазы хан өз билігін Кіші жүз
аймағына тарату мақсатында Ресей патшасынан тікелей қолдауына ие болуға
тырысты деп көрсетеді. Біздіңше Шерғазы ханның Петербургке бағытталған
елшілігі арқылы Кіші жүздегі қалыптасқан саяси ахуалға Арынғазы ханның
кінәлі етіп көрсетуге тырысады. Шерғазы хан мен Арынғазы ханның
арасындағы қалыптасқан саяси оқиғалардың барысы Арынғазытанушы
Ұ.Ахметованың ғылыми еңбегінде толығырақ баяндалған. Автордың
келтірілген дәлелдемелерінде Шерғазы хан Арынғазы ханды өзінің
қарсыласы ретінде санағандықтан, оның саяси аренадан ығыстырылуына
бірден-бір себепкер тұлға болғандығы көрсетілген, яғни Шерғазы ханның
орыс үкіметінің негізгі саяси мүделерімен сәйкес келгендіктен Арынғазы
ханды Ресейде қалдыру пиғылы жүзеге асырылғандығы баяндалады [16].
Бұдан бөлек Шерғазы хан Орынбор әкімшілігінің тарапынан шекара
аймағындағы қалыптасқан шиеленістерді шешуге қауқарсыз басшы ретінде
көрсетілген іс-әрекеттеріне былай жауап қайтарған: «...когда самое
правтельство пограничное управляющие людьми не в пример
просвещеннейшими противу киргизцев облеченное великою властию,
окруженное разными и многими орудиями к обузданию злоченцов, не
можеть совершенно искоронить разбой и воровства, и не редко злодьи
ускользають от праведнаго наказания то кажется не должно бы требовать от
хана с крайнею строгостью того, что не в силах зделать оное
389