БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 389
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
бірлестіктеріне қатысты туындаған мәселелерді шешу барысында орыс
әкімшілігінің шенеуніктерін дәлелді деректерге көндіре білгендігі.
Шерғазы хан көп жағдайда ірілі-ұсақ мәселелерді Орынбор әкімшілігінің
төңірегінде шешуді жөн көретін. Шерғазы ханның тарапынан түсетін
шағымдардың көптігі соншалық, тіпті 1815 жылдан бастап Орынбор
губернаторы Г.С. Волконский ханнан бағытталған хаттарды алуға тыйым
салады. Бұл өз алдына хан мен орыс әкімшілігінің арасындағы
қайшылықтардың қаншалықты қиын болғанығын көрсетеді. Мұнын бір
мысалы ретінде төменде келтірілген мәліметтердің негізінде аңғаруға
болады. 1816 жылы тамыз айында Орынбор Шекаралық комиссиясының өкілі
Орынбор әскери губернаторы Г.С. Волконскийге жіберілген хабарламасында
Шерғазы ханның қонысына тілмаш Ғұбайдолла Қалметов Орынбор
шекаралық
комиссиясының
тарапынан
емес,
Орынбор
әскери
губернаторлықтың құзыреттілігінде болған қызметшілерінің тарапынан
жіберілгендігі айтылған. Сондай-ақ бұл хабарламада қазақтардың Орынбор
шекаралық аймағында орыс шаруаларына тиісті мүліктердің тартып
алынғандығы туралы мәселені алға тартады. Ал, енді Шерғазы ханның
тікелей Орынбор әскери губернаторы Г.С. Волконскийге жазған
хабарламасында егерде жоғарыда аталған тілмаш Орынбор әскери
губернаторының тарапынан жіберілген болса, қандай мәселе бойынша
келгендігі туралы сұрағанда мән жайды түсіндірмегендіктен қонаққа келген
болуы керек деп ұйғарған, бірақ тілмаш Ғұбайдолла Қалметов Шерғазы
ханның қонысында жалған ақпаратты негізге ала отырып қазақтарға қоқан-
лоққы көрсеткен. Шерғазы ханның бұл хабарламасында себеп ретінде тілмаш
пен қазақтың екі арасында келіспеушілік сауда мәселесінің негізінде
туындағаны туралы жазылған. Сол сбепті Шерғазы хан мұндай іс-әрекеттерге
алдағы уақытта жол бермеу мақсатында тілмаш Ғұбайдолла Қалметовты
мемлекеттік қызметтен шектеу туралы мәселе көтерген. Бұл жерде біздің
байқағанымыздай Орынбор Шекара комиссиясы мен Шерғазы ханның
Орынбор әскери губернатордың тарапына бағытталған хабарламалардың екі
түрлі мағынада екіндігін көреміз [12, 1-2, 6 п.]. Бұдан кейінгі жылдар
аралығында Орынбор шекара аймағында күрделі мәселелердің санаты
толастамағанымен ішкі аймақта белгілі бір уақыт аралығанда қоныс тебу
процессі тоқтаған емес. Мысалы, Шерғазы ханның 1818 жылы Орынбор
губернаторы П.К. Эссенге жіберілген хабарламасына жауап ретінде Нарын
құмы бойына барлық Жетіру рулары мен кейбір Байұлы руларының
иелігіндегі төрт түлікті өткізуге мүмкіндік алады [13, 1-3 п.].
Кіші жүз және Ресейдің ішкі аймағында қалыптасқан саяси ахуалдың
түбегейлі өзгеруіне түрткі болған жағдай 1817 жылы Орынбордың
губернаторлық қызметіне П.Эссеннің тағайындалуы еді. Жаңадан сайланған
губернатордың мақсаты бұрыңғы губернатордың тұсында құрдымға кеткен
сауда керуен жолдарын қалпына келтіруді ойластырды. Себебі 1815 жылға
дейін Кіші жүз және Орта Азия хандықтары мен орыс әкімшілігінің арасында
айырбас сауда жасалмаған еді. Бұл оқылықтың орнын толтыру үшін
Орынборда тарихи бас қосу болды. Онда Шерғазы, Арынғазы хандар мен
Қаратай сұлтан және орыс әкімшілігінің арасында кездесу жүзеге асырылды.
Оның барысында Хиуаға бағытталған керуен жолы Қаратай сұлтанға, ал
Бұхара керуен жолы Арынғазы ханға жүктеледі [7, 239 б.].
388