БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 388
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
қолынан қаза тапса, келесі ағасы, 1805-1809 жылдары Кіші жүз ханы болатын
Жантөре 1809 жылы өз қазақтары қолымен өлтіріледі. Бір кезеңде Жантөре
де Ресей отарлауына байланысты қол бастады. Дегенмен Айшуақ сұлтан
ұрпақтарының Ресейге қарсы күресі 1797 жылы Есім хан өлтірілгеннен кейін
архив деректері мен зерттеушілер еңбектерінде көрініс таппайды. Біздіңше
оның себебі Айшуақ сұлтанның хан болып сайлануына байланысты. Орыс
үкіметі бекіткен ханның басты мақсаты шекарадағы қазақ-орыс қарым-
қатынасын реттеу болды. Оны іс жүзіне асыруға алдымен Айшуақ ұрпақтары
мүдделі болды. Оған хандық билікке ұмтылған Қаратай сұлтанның
қадамдары да белгілі дәрежеде ықпал жасады.
Шерғазы Айшуақұлы 1812 жылы 29 наурызында император жарлығымен
хандық билікке бекітіледі. Хандық таққа отыру рәсімінің өткізілуіне
байланысты Шерғазы хан өзі бастаған елшілік Орынборға аттанады. Осы
жылдың 22 тамызында Орынбор қаласы айырбас сауда сарайының маңында
хан тағына отыру сәтінің салтанатты рәсімі өткізіледі [7, 513 б.]. Бұл кезде
бір мезгілде Кіші жүзде Бөкей сұлтан Нұралыұлы Ішкі Орданың хандық
билігіне ие болғанды. Екі сұлтанның хан тағына сайлау рәсіміне, сондай-ақ
Орта Азия аймағынан орыс тұтқындарын сатып алу мақсатында жұмсалуға
тиісті ақшаның кірісі 20 мың сомның 16 мың 594 сом 56 тиыны Кіші жүз
және Ішкі Орда сұлтандарын Орынборда болған кездеріндегі керек-
жарақтарына жұмсалған [8, 53 п.]. Сонымен Қазақстанның батыс өңірінде
Ресей мойындаған екі хан бекітілді. Бөкей ханға Астрахан далалары мен
Жайық өзенінің Каспий теңізіне құятын салалардағы қазақтарды басқару
жүктелді [9]. Жаңадан хандық билікті қолына алған Шерғазы сұлтан Ресейдің
ішкі аймағында қоныстанып қалуына ниет білдірген. Л.Мейер оның негізгі
себебі «Қаратай сұлтанның орыс үкіметінің Шерғазы сұлтанды хан ретінде
бекітілуіне байланысты тегеурінді қарсылығы» деп есептейді [10].
Хан тағына отырған Шерғазы алдымен қазақ-орыс шекарасындағы талас-
тартыс, шекаралық әскерилердің қоқан-лоқысын тоқтатуға күш салады.
Мәселен 1815 жылы маусым айында Шерғазы ханның Орынбор әскери
губернаторы Г.С. Волконскийге жазған хабарламасында Жағалбайлы руының
Аққұз бөлімінің қазағы Игілік Құтлыбайдың шағымы бойынша 1814 жылы
қысқы мезгілінде Табылды Тұтай, Байтуған Қары, Қарақұла Асан есімді
қазақтардан еш себепсіз унтер-офицер Молостов 225 жылқыны, 784 ұсақ қара
малды, 15 түйені айдап кеткен. Сондай-ақ бұдан басқа 9 кілем, шекпен және
т.б. заттар қолды болған. Хан Орынбор басшылығына қазақтардың иелігіне
тиісті үлестерін қайтарылуына байланысты шарт қойған еді [11, 13- 14 п.].
Сонымен қатар осы жылы Жағалбайлы руының Мақатай бөлімінің қазағы
Нұрабай Тұманшының былтырғы жылы қыс мезгілінде казактар орналасқан
алқапта жалпы табынның ішінен 9 жылқысының жоғалғаны туралы
мәлімдеген. Бұл жылқылар ханның тапсырмасымен аттандырылған Елжан
Әбілғазыұлы сұлтан 6-шы башқұрт кантонының өкілі Мүслімовтың иелігінен
тапқан. Екі арадағы келіспеушіліктің туындап ұласуындағы себептері, бұған
дейін жағалбайлы рулары башқұрт Мүслімовтың иелігіне барымталық
жасаған. Шерғазы ханның талабы бойынша қазақтардың башқұрт
Мүслімовке келтірілген шығынның орны толтырылғандықтан қазақ
Нұрабайдың иелігіне тиесілі 9 жылқыны қайтаруға тиісті еді [11, 1-2 п.].
Бұдан шығаратын қорытынды Шерғазы хан өзін қолдаған жетіру тайпалық
387