БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Seite 371

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. пайда болған. Л.Будагов тонның – киім, көйлек, кафтан, тон, жүн, тері, аттың қылы, штан, етік, аяқ киім, әйелдердің жазғы киімі т.б. жиырмаға жуық мағынасы барлығын көрсетеді. С.Е.Малов: Тон – сыртқы киім, кафтан, тон, ақ тон, арығ тон, ашып кеткен сүт, тоңу деген мағынасын көрсетеді. Алғалы – түлкінің терісінен тіккен тон. Себіл тон – оқ өтпейтін тон. Х.Есенжанов тон сөзін сыртқы киім ретінде қолданған. Ішік. Үстінде шолақ тиін ішік, басында өзінің кішкене қара бөркі, түстен кейінгі салқын мен жіті жүріс сопақша келген келісті беттің қанын сыртқа тептіріпті, күндізгі қуқыл өңнің ізі де жоқ [6, 58 б.]. М.Қашқари киім- кешекке байланысты: «киім-кешек» мәнін білдіретін – кедзут сөзі де «киді» мағынасындағы кезді (кедзті) етістігіне «т» дыбысы қосылып жасалған, – дейді. М.Қашқари ішүк бұлғын, сусар және сол киілетін тері байбақ терісінен тігілген жылы киім, - десе, В.В. Радлов ічік зимняя кофта, шубка женщинъ. Ішік – шуба съ верхомъ. Орыс тіліндегі кафтан деген сөзді кейбір зерттеушілер түркі тіліндегі (кап+тон) сөздердің қосындысы деп қарастырады. М.Рясенен осы ізбен штаны (іш+тон) құралған деп есептейді. Тон-іш: іш (ышқыр, іш киім, іш көйлек) сөздері туынды мағынасы құрамында кездеседі. Ал, -ік жұрнақ (қаз, бесік, есік; мон. хэсэг, бүлэг) құрамындағы қосымша. Ыштан, ышқыр, ішік түбірлес сөздер. Хамза Есенжанов ішік лексемасын киім мағынасында қолданған. Ендеше, қазір ана күпіңді айналдырып ки. Қүпі-куфайка сөзінің шығу тегі бір соңғысы фонетикалық өзгерісті басынан кешірген.Тон (домпақ) – күпі (күптей) мағыналас болуы мүмкін. Іштон – тонбал – дамбал – шалбал (шалбар). Белбеу. Шаруа күйбеңдеп, беліндегі белбеуін жөндеп қойды [6, 233 б.]. Құрсақ екінші мағынасы бел (бала белде, қатын жолда). Құршағ – лексемасы «бау, белбеу» мағынасында қолданылады. Хұршағ – белбеу, бау, орамал; құршаді – байлады, ол кафтан құршаді – ол тон бауын байлады. Құр сөзі бірталай түркі тілдерінде (түрік, тува) бау, белбеу мағынасында қолданылады. Ышқыр (іш+құр) сөзінің де қатысы бар. Құр (бау, белбеу) деген мағынада. Құр; белбеу; қамар белбеу; іш құр-ішбау; ыштан бауы. Басқұр сөзінің де құрамындағы құр белбеу деген мағынаны береді. Басқұр – длинный красочный пояс, узорная лента, которой стягивают решетки кереге. Белдікъ – превосходство, твою знаменитостъ. Белбеу ерекше биліктің белгісі ьолса керек. Құрсақ//белбеу//басқұр о баста синоним параллелдер болған сияқты. Шәлі. Үлкен, қалың шәліні иығына іле сала Марфа үрейлі, белгісіз қорқыныштың құшағында жан ұшырғандай болып учитель Василий Быковтікіне қарай жүгірді [6, 55 б.]. Шару әйелдер тартатын жылы, қоңыр шәлісін шешіп, құлағын босатып аша түсті [6, 64 б.]. М.Қашқарида: сувлық – сулық, орамал. Ш.Сарыбаев бұл сөз туралы например слова шали (грубая шерстяная материя, камлот) в казахских говорах освоено в двух формах шэлі и салы «шаль». Первая из которых закрепилась в языке в качестве литературной норме дейді. Шаль (от персид. Шал.) – большой (головной, наплечный) плоток, вязаный или тканый. Шәлі – түбіт яғни жүн жіптен тоқылған, матадан жасалған үлкен орамал. Ғ.Алиев (плоток) шал, баш, шалы (шаль). В.В. Радлов: шаль – сал орамал, шекпан сал шерстяная шаль, мақта салынған шаль – бумажная шаль деп анықтайды. Х.Есенжанов шәлі вариантын қолданған. Ш.Сарыбаев шәлі формасының әдеби норма болып қалыптасқанын айтады. Біздің ойымызша сәлі-шәлі-шаль бір түбірден сал 370