БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 370

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. этнографиялық мүлік. Сонымен бірге ол қазақтың қыздарына деген өз көзқарасының да белгісі. Ырым бойынша оны айырбастауға немесе әзірше біреуге кие тұруға болмайды. Салтымызда бас киімді ауыстырып кисе, «басынан бағы таяды» деп есептеген. Көйлек. Оның жыртық, ескі бөз көйлегінің астынан шаң-тапыраққа былғанған сәби денесі тұтас көрініп тұр [6, 173 б.]. Рубашка, рубаха. Бұл сөз барлық көне түркі тілінде фонетикалық өзгерістерімен кездеседі: қыр. көйнек, түркім., әзір., ұйғыр. көйнәк. Б.Орузбаев ұйғыр тіліндегі көнәк формасына көңіл аударады да көн түбірінің орнына көң-ді қалап алады. Е.Жанпейісов көнек түйенің терісінен жасалған (ыдыс) түбірі бізше көн тері, шеберлердің жасағаны, - дейді. Расында да «көн», «тері» - деген ұғымның орнына жүрген. Осы орайда М.Қашқаридың әмшән иленген тері, қозы терісі – деген сөзінің де қатысы бар. «Көннің» арғы тегі көкпен байланысты болуы мүмкін. Р.Шойбеков: Өзбек әйелдері қаралы күні көк киеді екен, осы ғұрыпты «көк киді» - деп атаған. Б.Қарағұлов көйлек сөзінің кейбір түркі тілінде көйнек, көннек түрінде айтылатыны белгілі. Ә.Қайдар: көйлек сөзі көй түбірінен және –лек аффиксінен тұрады, - дейді. Қазақ тілінің оңтүстік говорларында көнек лексемасы «көйлек, жейде» - деп аталуының да маңызы бар. Тойда құда, күйеуге табақ тартып, көйлек-көншек сияқты кәделерін алу. Қазақ тілін туыстас және түркі тілдерімен салыстыру нәтижесінде көне түркілер әр түрлі жабу мен жабындыны оның ішінде көйлек-көншектерді мал мен аңның терілерінен жасалған. Шалбар. Маған Ехластың көне көйлегін, мына шалбарын (ол бұтындағы шалбарға қарап қойды) берді [6, 258 б.]. В.Радлов: чалбар игреняя лощадъ; Чалбар – шаровары деген де мағынасын көрсетеді. Радлов шалбар сөзін атқа қатысты қолданады. Негізінде атқа мінетін шалбарды түріктер ойлап тапқан. Чалба-шамандардың сылдырмаққа таққан лентасы. Тон. - Алдымен тонымды айналдырып киемін. Сонсоң құрықтың бауына қара қаңбақ байлаймын да, ысқыра шауып, қалаған жағыма бір үркітіп алып сілтей беремін [6, 337 б.]. Р.Шойбеков: Ертеде қазақы тондардың бас тон, қызыл тон, көк тон, қара тон, ақ тон деп аталатын түрлері болды. Бас тон деп жоғары сортты жібекпен тысталған, қалыңдық жасауына енетін аса қымбат тонды айтқан. Тонды белгілі бір түске бояудың салттық мәні болды. Мәселен тонның көк кездемемен тысталып, өңіріне етегіне құндыз ұстаған түрі көк тон аталады. Мұндай тонды ертеде тек белгілі, атақты кісілер ғана киген дейді. Б.Сағындықов: Слова тон в казахском языке означает один вид одежды – «шуба», а в памятниках – одежды вообще. В казахском языке значение (по сравнению с памятниками) этого слова несколько сужено. Бұл «АЖ»-да жалпы киім атаулы мағынасын білдіреді. Ж.Манкеева: Мысалы, ескі түркі тілінің деректеріне сүйенсек, «киім» мағынасында, бұрын тон сөзі кеңінен қолданылған: «жаңа таза киім немесе ескі киім». Тон көнеден «киім, көйлек, халат» деген мағынаны берген. Соңғы мағынасы көне түркі ескерткіштерінде киім, халат, тон ХІІ-ХІІІ ғасырларды пайда болған. Көне ұйғыр тілінде іш тон «іш киім, штан» қолданылған. Тон деп сыртқы киім және ішкі киімді де атаған. Тон түркі тілдерінде киім, көйлек, сыртқы киім, халат, кең киім, кафтан, пальто, шаманның арнайы киімі, плащ, шинель, қой терісінен тігілген тон, әйелдердің жазғы киімі, тұлып. Тонау сөзінің: әшекейлеу, киіндіру, жалаңаштау, шешу, шешіндіру, аяғына дейін шешіндіру, терісін сыпыру, алу, тонау, тартып алу, талқандау т.б. мағынасы бар. Киім деген мағынасы кейін 369