БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | страница 369

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Шапан. - Кешіріңіз, учитель. Қателік бізден, ғапулық сізден. Ат-шапан мойында, - деп басын иді [6, 247 б.]. Ертеде ерлердің, әйелдер мен балалардың да күнделікті, киіп жүруге ыңғайлы да ықшамды киімі болған. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «астарына жүн не мата салып, сырып тігілген немесе астарсыз асалған сырт киім» - деп берілген. Бұрын байлар мен билер жағасына құндыз ұстатып әшекейленген қамқадан тігілген қаптал шапан киген. Ертеден қалыптасқан салт-дәстүрлерімізде «сыйлы» қонаққа, яғни құрметті кісіге, құдаларға «шапан жабу» күні бүгінге дейін ұмытылмай сақталып келеді. Кебіс. Ол кебісін шешіп, төрге жетіп үлгергенше ізімен Ұзын Уәли де есіктен бүгіле кіріп ошақ орнына жетер-жетпес шамада бір тізерлеп отыра кетті [6, 165 б.]. Мәсінің сыртынан киюге арналып, былғарыдан тігілген галош тәрізді қонышсыз аяқ киім. Ә.Нұрмағанбетов кебіс сөзінің мағынасын парсы тіліндегі: «кәф»- аяқтың «табандық киім» деп дәлелдейді. Біздің ойымызша, кебістің түбірі түркілік кеп сөзі болуы да мүмкін. Сондықтан профессор Р. Сыздықтың «кеп түбірінен жасалған кебенек» сөзі киім дегенді білдіреді дегендегі дәлелі көне түркі тілінде кеп «қалып» қазіргі қырғыз тіліндеде кеп сөзінің бір мағынасы – «қалып, киім, маска» деген пікіріне сүйене отырып, кебіс сөзінің түбірі кеп болуы да ықтимал деп топшылаймыз. Бөрік. Үйден булығып, терлеп шыққан бойы ол орамалмен мойынын, мандайын сүртіп, қара бөркін басынан алып бетін біраз желпіді де, сөйлесіп тұрғандардың жанына келді. Бөркін алып, шаңсыз көк құйқа басының терісін кептірді [6, 175 б.]. Елтіріден, аң терісінен істеліп, матамен тысталған құлақсыз бас киім. Көрнекті түркітанушы ғалым Н.К. Дмитриев бөріктің аң терісінен жасалуыны байланысты бұл атаудың уәжін бөрімен байланыстырады. Э.В. Севортян өз сөздігінде бөрік атауының түркі тілінің диалектісінде нақты бас киім мағынасын емес, «басты жабатын, не басқа байлайтын матаны» т.б. білдіретінін көрсетеді. Қазақ халқы бөрікті тек киім ретінде емес, этникалық құндылық ретінде жоғары бағалаған. Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. Бас киімге қатысты Кавказ халқында мынадай дана сөз бар: «Шапку носят не для тепла, а для чести». Жұрт бөрікті тек ерлердің бас киімі деп қараған. Сонымен қатар ертеде бөрікті қолы жеткен дәулетті адамдардың ғана қыздары киген. Сәукеле. Жібекше бастап, сәукеле киіп көп бұйдасын бір қырдан екінші қырға дейін жетектегенде қоныс қараған ақсақал да көрінеді [6, 293 б.]. Қазақ әйелдері бас киімнің ішінде ең көріктісі де, ең ежелгілерінің бірі, көп әшекейлі қымбат бағалы қалындық киімінің салтанаттысы болып табылады. Сәукеленің өн бойына зергерлік әшекейлер мен асыл тастар қадағанда, тіл-көзден сақтау үшін, ол өте биік бас киім – қыз мәртебесін асқақтатып, қазақтардың дүниетанымының жоғары екенін танытқан. Сәукелені өте шебер әйелдер ғана тіккен, оның жасауындағы эстетикалық, этникалық ерекшелікке аса мән берілген. Мұндай бағалы сәукелені байлар мен ауқатты адамдардың ғана қыздары киген. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «сәукеле – бұрынғы кездегі дәстүр бойынша қазақ қыздарының ұзатыларда киетін сәнді бас киімі» - деп берілген. Демек, «сәукеле тек бас киім ғана емес, ол қазақ халқының байлығы мен сән салтанатының мәдениеті мен өнерінің озық үлгісі, өнер туындысы ретінде бағаланатын өте қымбат 368