БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 368

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Қоғамдағы материалдық құндылықтардың бірі болып саналатын киім- кешек түрлері ұлттық мәдениеттің жарқын көрінісі екендігін мына деректерден көруге болады: көне дүние ұғымдар адамның басы аспан әлемімен байланыстырылып, басқа киетін бас киімдер де қастерленіп, түрлі әлеуметтік, таптық, рулық т.б. жоғары дәрежелік айыру белгілерден басқа, бас киімге тағатын дәстүр қалыптасты. Көне космогониялық түсініктер бойынша адам басының аспан әлемімен байланысын білдіретін дәреже белгісі ретінде қолданылатын зат – аспанды мекен ететін құстың қанаты, қауырсыны, өте ерте заманнан бері көшпелі халықтарда өте жоғары дәрежелі үстем тап өкілдері – хандар, патшалар, қолбасшылар, әскербасылар бас киімдеріне, құс қауырсындарын таққан. Ғасырлар бойы жер бетінде тіршілік етіп келе жатқан қай халықтың болмасын күнделікті тұрмыс-тіршілігін, салт- дәстүрін, кәсібін ұлттық сана мен талғам негізінде қалыптасқан мәдениетін бейнелейтін өзіне тән материалдық дүниесі (еңбек-құралдары, ыдыс-аяқ, киім-кешек т.б.) болатыны белгілі [8, 56 б.]. Этностың өткен жолы тілдің этномәдени қорында сақтаулы. Сондықтан да, қазақ халқы туғанда «ит көйлектен» бастап, өлгенде «ақыретке» дейін денесін киім-кешекпен қымтап, адам өмірі үшін аса маңызды киімнің жасалуына үлкен мән берген. Оны қажетіне тұтына білуінде этностың талғамы мен танымы өте жоғары болған. Ата-дәстүріне құрметпен қараған, өзінің тұрмыс деңгейі мен ұлттық ерекшелігіне, әдет-ғұрпы мен ұстанған мұраттарына сай ұлттық киімнің халқымыздың мәдени-тарихи өмірінде айырықша орын алатын «Ақ Жайық» трилогиясындағы бірнеше киім-кешек атауларына тоқталып өтсем: Шекпен. «Қоста қарт жылқышы Қарымсақтың әйелі болу керек, бірақ әлі күнге көзге түскен жоқ. Ол қайда кетті екен?» деп ойлады, ерді басқа жастық ете, жонаны төсеп, бөстекті оның үстіне жайып, жатар орында ыңғайлап болып, шекпенін шешіп төсектің үстіне қойды. Жүннен тоқылған яки тыстық матадан сырып тігілген сырт киім. Шекпен тек қана түйе жүнінен тоқылады. Шидем шекпен тайлақтың жүнінен тоқылады. С.Мұқанов: жаздың сыртқы киімі, түйенің иә қойдың жүнінен тоқылатын шекпен, түйе жүнінен тоқылған шекпен дәулетті адамдардың қолына түскен. Шамасы келмеген кедейлер шекпенді қойдың жүнінен жасайды дейді. Шекпен сөзінің орнына жамылшын сөзі де қолданылған [9, 483 б.]. Бешпент. Жүніс мәсісінің қонышын тартып, қыртысын жазды да, желбегей жамалған сары нәнке бешпетінің омырауын қаусыра түсті [6, 195 б.]. Жеңілдеу тігілген астарлы шапан. Ә.Нұрмағанбетов: пәшм – жүн, жабағы, ал пәшминә - жүннен жасалған (тоқылған) мата және осыдан жасалған киімдер деген мағыналарды қолданады. Осы тұлғалы сөз парсылардан арабтарға өткен болса керек, араб тілінде: бишт – плащ іспеттес киім мағынасын береді. Парсы тіліндегі «пәшминә» тұлғасы түрік тілдерінде, оның ішінде қазақ тіліне ауысқан соң «бешпент» қалыбына дейін өзгеруі өте заңды құбылыс. Сөйтіп, «бешпент» сөзінің төркіні парсы тілі, бұл тілдегі оның алғашқы мағынасы «жүн» дегенді ұғындырған екен. Е.Жанпейісов бешпенттің: қытайы жібек бешпет, тік иық ноғай бешпет, мауыты бешпет түрлерін атап көрсетеді. М.Қашқари ішмек қозы терісінен тігілген бешпент – деген түрін айтады. Жиналған деректерге қарағанда, шапан-мақта, қойдың жүнінен т.б. жасала береді. Ал шекпен тек қана түйенің жүнінен тоқылады. Екеуінің бір-бірінен айырмашылығы осы [3.180 б.]. 367