БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 367

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. тән. Бірақ оларға көзқарас білдіріп, баға беруде ұлттық ерекшеліктерді байқаймыз. Заттық мәдениет лексикасы О.Нақысбеков, А.Айғабылов, Р.Ахметьянов, Ж.Манкеева т.б. ғаламдардың еңбектерінде арнайы зерттелген. Заттық мәдениет лексикасы ұлт тарихы мен өркениетінен мағлұмат беретін ерекше қабат болып саналады, яғни заттақ мәдениет өнімдері рухани мәдениеттің де көрінісі бола алады. Бұл жайлы Р.Ахметьянов: «Материалдық мәдениет атаулары адам қызметінің басты материалды игілікті өндіру жағын белгілейді, яғни тамақ. Киім, баспана т.б. оларды талдау халықтың тарихын оқу үшін аса маңызды көңіл аударарлық жай болып саналады», - деген пікір айтса, Ж.Манкеева: «Заттық мәдениет лексикасы – ұлттық рух пен талғам негізінде, ұлттық тұрмыс пен шаруашылық ерекшеліктеріне сай технологиялық процесс нәтижесінде, өз мәні мен атқаратын қызметіне сай сөз тудырушы модельдер арқылы жасалатын лексика-семантикалық ктегория ретінде, кумулятивтік қызметі негізінде саналған материалдық өндіріс пен мәдени туындылардың атаулары», - деп ой түйіндейді. Х.Досмұхамедұлы: «Қазақтың барша тұрмыс-тіршілігі мен өмірлік жағдайын оның халық әдебиеті бойынша зерттеп шығуға болар еді... Киіз үйді, оның бау-шуын, барша жиһаз мүлкін бүге-шігесіне дейін қалдырмай асқақтата, мадақтай отырып, халық поэзиясы жертөле мен тамдарға жиренішті сипаттама береді. Қазақтың ұлттық киімі (тұмақ, шекпен, күпі, бөрік т.б.), қыздар тағатын алтын-күміс, сырға-шолпы, теңге, бес қару мен ер- тұрман т.с.с. да халық әдебиетінде жырланады. Төрт түлік мал мен Қазақстанның және онымен шектесетін ел-жұрттың барлық жануарлар дүниесі халық әдебиетінде ерекше орын алады». Расында да, «тіл – тілдің сөздік құрамы әр халықтың өз тарихының, өз тұрмысының, өз мәдениетінің, оның дүниелік (материалдық) және рухани қазынасының айнасы сияқты болып есептеледі. Өйткені өмірдің сала-саласындағы құбылыстардың бәрі де тілдің сөздігіне іздерін тастап, оған тиісті сөздерді куә етіп, дақ қалдырып отырады» [7, 158-159 б.]. Әрбір этнос және де әрбір этникос сияқты өзінің мәдениетінің бірлігімен ерекшеленеді. Көптеген қызметінің ішінен бізді тек қана этникалығы қызықтырады. Негізгі этниканы тасудың маңызы, этникалық мәдениеттің қабатымен, жалпы сана-сезім, тұрмыстық тіл және дәстүрлі-тұрмыстық мәдениетпен өлшенеді. Осыдан да заттық аймақтық этнографияға сондай немесе басқа да этниканың әртүрлігімен ерекшеленген этнос компоненті жатады. Халықтың ерте кездегі әдет-ғұрып, тұрмысы жайындағы этнографиялық ұғымдардың атаулары (сөздер мен сөз тіркестері) тарихи сөздіктер мен тарихи шығармаларда сақталып, олар жайында мағлұмат береді. Этнографтар халықтың замандар бойындағы тұрмыс-салт, әдет-ғұрпына байланысты жайлар мен халық жасаған материалды байлық, рухани мәдениетке қатысты жайларды зерттегенде, тіл фактілеріне соқпай өте алмайды. Өйткені тіл – солардың бәрін ұзақ замандардың бойында ұрпақтан ұрпаққа жеткізген және сақтап қалған құралдардың бірі. Көне мәдениет ішіндегі заттық мәдениет лексикасы таптық жағынан неше алуан болып келеді. Мәселен, ат әбзелдері, шаруашылық – құрал жабдықтар, ұлттық киімдер, тұрақ жайы – баспана түрлері, туыстық – жақын жекжат, азық-түлік, зергерлік бұйымдар, қару-жарақтар т.б. 366